Сабақтас құрмалас сөйлем құруға есімшелердің барлық формалары қатысады: 1) -ған, -ген, -қан, -кен; 2) -тын, -тін; 3) -ар, -ер. Бұлар негізгі тұлға болып саналады. Байланыстырушы қызметін атқару үшін есімшелер үстеме тұлғаларды қабылдайды. Ол үстемелер – тəуелдік жалғаулар, септік жалғаулар, септеуліктер. Тілдің бүгінгі кезеңінде тəуелдік жалғаудың кон- струкцияға қатысуы факультативті болды. Жалғаудың конструкцияға қа- тысуы – бүгінгі факультативтенуі бағыңқы компоненттің қалыптасу про- цесіне, кейінгі даму жолдарына бағынышты.
Негізгі тұлға болып есімшелер бастапқы қимыл есім ретіндегі сапасын- да жұмсалады.
Көп – мезгілдік, мекендік т.б. мағынаға ие септік жалғауларын, сеп- теуліктерді қатыстырған есімше формалары оқиғалар, іс-əрекеттер, құбы- лыстарды хабарлайтын сөйлемдер арасындағы таксистік байланысты мол құбылтып көрсетеді. Сондықтан бұл форма көсемше, шартты рай тұлға- ларымен салыстырғанда құрмалас сөйлем құруда көп жұмсалады.
Есімше формалары да құрмалас сөйлем құруға тең қатыспайды. Өнімді, жиі жұмсалатыны -ған, -ген. Сондықтан да ғылыми еңбектерде, оқулықтар да осы тұлға арқылы жасалған конструкциялар ғана аталады.
Өткен шақ есімшелердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
«Өткен шақ есімше + жатыс септік жалғау» (-ғанда) түріндегі баяндауыш бағыңқы компонентке қатысып, оны басыңқымен байланысты- рып, сабақтас құрмалас сөйлем құрылады: Поезд тоқтағанда, жолаушы- лар жолға шықты. Бұл үлгімен жасалған конструкция көп мағыналы. Ол мынандай мағыналық қатынастарды білдіреді.
а) мезгілдік қатынас – бағыңқы компонент атаған оқиға басыңқы сөйлем хабарлаған оқиғаға тұс келетін меже ретінде көрінеді.
Колхоздарың алғаш ұйымдасқанда, алдымен кірген мен емес пе ем (Б. Майлин). Сағынып келгенде, сөйлеу деген болмай ма екен (Қ. Мұхамет- жанов). Қонақ болып келгенінде бір ауыз сөз айтылмады (Ə. Ақпанбет). Көлік дайын болғанда, келесіңдер (М. Тиесов). Бір-бір үйдің тентегін қайт- сем адам қыламмен шыр-пырың шығып, əбігер болып жүргеніңде, таң- дайың кеуіп те қалған болар (Ə. Ақпанбет).
Бағыңқы құрамындағы -ған формасының өткен шақтық мағынасы өз- геше өлшемге бағынады. Ол басыңқы сөйлемге тəн шақтық мағынаға бағынады.
ə) шарттық қатынас – бағыңқы сөйлем хабарлаған оқиға, іс-əрекет басыңқы хабарлаған оқиғаға шарт болып қатысады. Басыңқы компоненттің баяндауышы келер шақ формасында болады.
Кемпірім де ашулы. Оны жібергенімде, сендерді түтіп жейтін еді (Қ. Мұхаметжанов). Егер сол күні əкесі келмегенде, Ұзақ Танадан біржола ажырайтын да ма еді (С. Мұратбеков).
Конструкция осы мағынадағы жұмсалыста бірқатар басқа амалдармен құрылған құрмалас сөйлемдермен қатар келеді.
б) қарсылықтық – бағыңқы хабарлаған құбылыс, оқиға басыңқыда ай- тылған құбылысқа, оқиғаға қарсы қойылып салғастырылады.
Қыздар қарта болғанда, біз жал-жая (Біржан). Сұлтанның қолы жа- ман мəстекке жеткенде, көршісінің мінгені – «Волга» (Ə. Тарази). Сіз да- рия болғанда, біз қоңыр қаз (халық əні).
«Өткен шақ есімше + шығыс септік жалғау» (келгеннен) үлгісінде жасалған баяндауыш бағыңқы компоненттің құрамында тұрып сабақтас құрмалас сөйлем құрады.
Бұл конструкция мезгілдік қатынасты білдіреді – бағыңқы компонент атаған оқиға басыңқы хабарлаған оқиғаның басталу кезеңі ретінде көрінеді. Ұлбосын өзін суретке салуға рұқсат еткеннен-ақ, маған деген қасиетті сезімнің орнына басқа сезім пайда болғанын білдім (Х. Есенжанов). Алшынбай сөйлегеннен, қасқа бас тілмаш аудара бастады (М. Əуезов). Аты өшсін бұл құмның... Іргесіне келіп, қонғаннан, қосағым ауырып, ба- лам адасты (М. Тиесов). Бекең, таң сыз бергеннен, егіндіктерді аралады
(С. Мұратбеков).
«Өткен шақ есімше + барыс септік жалғау» (келгенге) үлгісінде жасалған баяндауыш бағыңқы компоненттің құрамына кіріп, оны басың- қымен байланыстырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрады. Бағыңқы компонент хабарлаған оқиға басыңқы білдіретін оқиғаға себеп ретінде қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: |