Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет42/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Ербол есік алдына шықса, үлкен ауыл жақтан екі-үш атты кісі келе жатыр екен (М. Əуезов).
«Жедел өткен шақ етістік + десе» үлгісімен жасалған баяндауыш сөзге өзгеше рең беретін конструкция құрайды.
Жаз келді десе, балалар бүлдіргенді аңдиды (Т. Иманбеков).

    1. Болымсыз шартты рай етістік (бар-ма-са-м) бірінші компонентке ба- яндауыш болып, субъектінің бір іске ұмтылуын, мақсаттануын білдіреді. Екінші компонент сол ұмтылыстың себебі ретіндегі оқиғаны атайды.

Басқарақ, бір мықтырақ арқан əкелмесем, мына жіп сенің күшіңе шы- дамайды (С. Мұратбеков). Қазір өзім реттеп бермесем, қолы бос ешкім жоқ (А. Шамкенов).
Бұл мысалдардағы бірінші компоненттің баяндауышы жай сөйлем құрамында ұшырайтын бармасам ба типті баяндауыш негізінде жасалып, жұмсалған. Бар-ма-са-м ба мақсаттануды, бір іске ұмтылуды білдіреді.
Келтірілген құрмалас сөйлемдердің компоненттері өзара жалғастық қатынаспен байланысқан. Бұлар орын тəртібі, интонация арқылы бірігіп тұр. -са, -се тұлғаларының байланыстырушы қызметі жоқ. Бұл құрылымдар шартты түрде, сөйлеушілер санасындағы стереотипке сүйеніп сабақтас құрмалас қатарына жатқызылады.

    1. Болымсыз шартты рай тұлғалы етістік тек бірінші жақта мақсаттану, ұмтылу мағынасында жұмсалады (жай сөйлемде де, құрмалас құрамында да). Бұл етістік ІІ, ІІІ жақ формасында баяндауыш болғанда істі, оқиғаны модальдық мағына (болжау, шамалау) қосып хабарлау үшін жұмсалады: Балғаны көршілер сұрап əкетпесе.

Мына құрмалас сөйлемдерде бірінші компоненттер осы мағыналы ба- яндауышты қатыстырған.
Бұрынғыдан көбейтпесек, азайта қоймаспыз (Ж. Тұрлыбаев). Сен оян- басаң, мен ояна алмаймын (С. Мұратбеков). Бəкешімді егін басынан ізде- месең, мұндай кезде үйде отыра ма (Т. Иманбеков). Қалқанжан, өзің аш- пасаң, дəрменім қашып тұрғаны (Т. Иманбеков). Қыз баласың ғой, білегің жіңішке, темірді жүргізу ауыр тимесе (С. Мұратбеков).
Бұл конструкциялар да тек шартты түрде сабақтас құрмалас сөйлем қатарына жатады. Бірінші компоненттердің құрамындағы -са, -се тұлғалы баяндауыштар тиянақты (финиттік) формада тұр. Олар дара жай сөйлем құруға қатысады. Құрмаластың құрамындағы компоненттер жалғастық қатынасқа түсіп, біріккен.
-са, -се дара жай сөйлемдегі өз бітімін бұл көрсеткеннен көп айқын та- нытатын құрылымдар бар.
Бекболат үйленіп, бөлек отау тіксе, өз алдына саба орнатса, Ақберген қара лашығын жанына қондырса, Бекболаттың отауын емін-еркін билесе

міне Ақбергеннің ендігі арманы (Ж. Аймауытов). Жұмыс күні бітсе ғой сонда алдамшы табылар еді, сонда сайлау болмайды (М. Мағауин).


-са, -се тұлғалы баяндауышы бар компоненттер бір жайды, оқиғаны ар- мандай да хабарлайды. Осы құрылыста жай сөйлем ретінде жұмсауға да болады.
Жауқазын қалада болар ме еді, джаз ойнап тұрса, биге шақырсам, бұ- ралып шықса... (Ə. Тарази). Көл жағасы құмдауыт көл екенін көңіл білме се, көз көрер емес (Ə. Тарази). Екі басым болса, екеуі де ұйықтамаса (Геккель).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет