Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Алаң да алаң, алаң жұртАқалаордамқонғанжұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншекболыптүскенжұрт, ҚарағайдаймынауҚазтуғанбатыртуғанжұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымдыжуғанжұрт, Қарағайдансадақбудырып, Қылшанымдысарыжүноққатолтырып, Жанға сақтау болған жұрт.
Сарын экспрессивтілік үшін, бейнені толық келтіру үшін жасалады.
Бұл синтаксистің объектісі емес.
Қазақ тілінде көп компонентті конструкцияларды айту үшін, түсіну үшін ыңғайлы етіп құру əдістері бар.
Бірыңғайлас компоненттері бар салалас құрмалас сөйлемдердің етіс- тік баяндауыштарының ілгергілері -пформалы көсемшеге ауыстырылады.
Жел тұрды жаңбыр жауды – дала алай-түлей болды – Жел тұрып, жаңбыр жауып, дала ала-түлей болды.
Көсемше арқылы байланысқанда синтаксистік тұлғалар жымдаса ұласып, айтуға ыңғайлы келеді. Осы себептен байланыстың бұл түрі қазақ тілінде қалаулы орында тұрады.
Көп компонентті сабақтас аралас құрмалас сөйлемдерде қатар кел- ген бірыңғай формадағы бағыңқылардың ілгері тұрғандары қызметіне сай предикативтік тұлғасын түсіріп, -п жұрнағын алып, соңғы тұрған бағыңқымен байланысады, ол осы қалыпта соңғы тұрған бағыңқының предикативтік формасына ортақ болады, сол арқылы бастапқы мағынасын жоғалтпайды.
Осындайдабасауырып,балтырсыздаса,дəрменқайсы,жəрдемқане! (М. Əуезов). – Осындайда бас ауырса, батыр сыздаса, дəрмен қайсы – жəрдем қайсы!
Конструкцияларда бірыңғайлас, бір тектес бағыңқы компоненттер жалпылауыш сөздер арқылы жинақталып, сол арқылы басыңқымен байла- нысады. Осы арқылы конструкция сегменттеліп, жинақы сапаға ие болады. Жел уілдеп, ол қорылдап, анда-санда ит үріп, қарт шопан айтақтап, айғайлап,мезгіл-мезгілмылтықатып–осыныңбəріұйқыбермеді (О. Бөкеев). ЕгеролБиекеңатанса,көпшілікбасқосқанжерлердеоған
төрденорынсайланса –соның бəрі–отағасыныңарқасы(Ə. Ақпанбет).
Компонент ретінде атаулы сөйлемдерді, толымсыз, эллинсис сөй- лемдерді қатыстыру арқылы да конструкция үнемді жинақы, динамикалы тұрпатқа ие болады.
Бұлт өңдес түбіт орамал, топырақ өңдес тозық күпəйке, қою қыз- ғылт шолақтау юбке, толықша келген əдемі балтырына тарлау қысқа қонышты қызыл етік (Ə. Тарази). Ішсең – қымыз, жесең – ет, мінсең – көлік, қашанда қазақ жылқы баққан.