Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Байланыстырушы қайталамалардың қатысуымен құрылған қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер



бет17/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Байланыстырушы қайталамалардың қатысуымен құрылған қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер


Қарсылықтық салалас сөйлемдерді ұйымдастыратын қайталамалар екі түрде ұшырайды:


Еркін (лексикалық) қайталамалар. Анафористік тұрақты қайталама (сөйтсек).
Еркін қайталамалар ілгергі компоненттің баяндауышы болып жұмсал- ған сөзді қайталап жасалады. Ол сөз қарсылықтық бағыныңқы сөйлемнің келгенмен, келсе де типті баяндауышының формасын алады. Осы ретпен ол бірінші компонентті екінші компонентке қарсылықтық қатынасқа түсіріп байланыстырады.
Қазір арам шөп басып кетті. Оған оқушыларды салған болды. Құй- тымдай балалар жұлды, жұлғанмен не пайда, тамырымен жұлмаған соң (А. Нұрманов.) Сіздің қолыңыз босай қоймас, босай қойғанмен бұл жұ- мыс сізге ауыр тиер (Ə. Əбішев). Аға бұған күніге жем береді, берсе де жылқы жөнді қон алмай тұр (Ж. Тиесов). Ол жігіт қайда екен? Бір-ақ рет көрдім, бірақ рет көрсем де есімде қалды – жанып тұрған от еді (М. Тиесов).
Аталған байланыстырушы қайталамалар қарсылықтық жалғаулықтар- мен селбесіп келеді.
Енді соңғы əндерді есітіп қалуға ауылдың бар адамдары əсіресе құмар- татын, бірақ құмартқанмен шеткі қоңыр үй-малшы, жалшылар үйінен сол əнді тыңдауға талпынған талай жандар бара алмай, өкініш пен кү- йікте қалған (М. Əуезов).
Байланыстырушы қайталамалар қатысып құрылған қарсылықтық са- лалас құрмалас сөйлемдердің арнаулы атқаратын коммуникативтік қызметі бар.
Сөйтсем қатысып құрылған құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы қарсылықтық қатынас мынандай болады.
а) Бірінші компонент бір объект жөніндегі ізденуді, тануды мақсат ет- кен іс-əрекетті білдіреді.
ə) Екінші компонент ол іске кедергіні не қарсы нəтиже ретіндегі оқи- ғаны хабарлайды.
Біз жолға ерте шығайық деп келістік, сөйтсек көлік дайын болмапты (Қ. Сегізбаев). Мұқырға асыға көшіп келдік, сөйтсек бізге үй дайын емес екен (Ə. Асқар).
Сөйтсек оқиғаның тосын, күтілмеген санатын білдіріп модальдық мағына да үстейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет