Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет15/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Əйтпесе, əйтпегенде жалғаулықтары қатысып құрылған құрмалас сөйлемдер


Əйтпесе (олай етпесе), əйтпегенде (олай етпегенде) жалғаулықтары арқылы құрылған қарсылықтық салалас сөйлемдер мынандай нақты қа- тынастарды білдіреді.
Бірінші компонент болған, болатын оқиғаны, іс-əрекетті хабарлайды, екінші компонент осы оқиға, іс-əрекет болмаған жағдайда туатын ситуа- цияны, жағдайды хабарлайды.
Кеңтоғайдан олар салт атқа мінді, əйтпесе егістік даланы өрмекші- нің ауындай сызып аққан арықтардан машина жете алмайтын еді (С. Мұқанов). Өткен жылдары май дəріден қашқан өзіңіз, əйтпегенде төл мұнан да көп болар еді (Ғ. Сланов).
Осындай қатынаста құрылған сөйлемдердің жұмсалу мақсаты бар. а) Кезіндегі ұшыраған ситуацияны мол көрсету.
ə) Бірінші компонент атаған негізгі оқиғаның, істің дұрыс болғанын дəлелдеу.
Кейбір құрмалас сөйлемдердің мағынасында осы соңғы мақсат үстем болады. Сондықтан екінші компонент бірінші компонент болжам ретінде ха-
барлаған пікірге дəлел ретінде қатысады.
Хат келмеген болды, əйтпесе ендігі бір соқса керек еді (М. Иманжанов).
Бригадир кеңседе жоқ болды, əйтпесе аты байлаулы тұрар еді
(М. Тиесов).
Əйтпесе байланыстырған компоненттердің соңғы позициядағысы субъектіге, объектіге тəн негізгі сипатты хабарлайды да, ілгергісі кем, олқы жерін (жағдайын) хабарлайды.
Бұтасы кемдеу, əйтпесе кəдімгі шалғын бетеге (Ғ. Мұстафин). Анаң бұрынғыдай емес, қартайдым, екі тізем бастырмайды, əйтпесе сарайым сау, тісім бүтін (О. Бөкеев).
Əйтпесе құрған бұл типті құрмалас сөйлемдер бірақ құратын осы ма- ғыналас сөйлемдерге конверсиялық вариант болып жұмсалады.
Салыстырыңыз: Бұтасы кемдеу, əйтпесе кəдімгі шалғын бетеге – Кə- дімгі шалғын бетеге, бірақ бұтасы кемдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет