Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Абайға шешесі бірге қайтайық деп еді, бірақ баласының əлі бітпеген, бөгейтін шаруасы бар екен (М. Əуезов). Тоғжанға деген өз өлеңін оған қарай аласұрып айтқысы келеді, бірақ өлеңі есіне түспейді (М. Əуезов).
Қарсылықтық қатынастың тағы бір көрінісі бар. Бірінші компонент бір оқиғаны, құбылысты хабарлайды да, жалғаулықтан соң тұрған компо- нент сол оқиға, істің кем-кетігін, шалалау жағдайын хабарлайды.
еміс-емісестіледі,бірақолдаанықемес,көмескілеухабар(С. Мұқанов).
Шөженіңатына Абайқанық, бірақкөргеніосы (М. Əуезов).
Бірінші компонент бір іс, оқиғаны хабарлайды да, бірақжалғаулығы- нан кейінгі компонент соның болуына қойылатын шартты, жағдайды ха- барлайды.
Тілімізде қарсылықтық қатынасты білдіру үшін жұмсалып жүрген
жалғыз-ақдеген жалғаулық бар.
Қатты жүрген жігіттер ... Жəнібектің тұсына тоқтады, жалғыз- ақжұртжатыпқалды,көрудіңретіболмасдепөкініпкележатқан (М. Əуезов). Тоғжанның да Мəметейде атастырып қойған күйеуі бар, жалғыз-ақ Тоғжан да ынтығып тұрған жоқ (М. Əуезов).
Жалғаулық сирек жұмсалады. Ол бірақ жалғаулығына сүйеніп, анало- гиялық жолмен пайда болған. Бұл жалғаулықтың шығуы тіл иелерінің жа- ңа амалдар іздеумен болатынын, потенциясы икем келетін тұлғаларды қо- сымша амал етіп жұмсап отыратын актив позициясын танытады.
Алжалғаулығының қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер мынан- дай қатынасты білдіреді.
Біріне-бірі қарсы қойылып салғастырылған оқиғаларды білдіретін құр- малас сөйлемдердің компоненттері ал жалғаулығы арқылы байланысады.
Қали,Илья,Гриша,Есентай,Қасымсендермаңдайалдыекпіндісіңдер, ал барақтарыңда мəдениетсіздік, ластық былығып жатыр (С. Ерубаев). Сеніңмалыңүшінөлді,алсенкерекдесе,өлімшіболыпжатқанда,қалжа бермедің (М. Əуезов).
Алқарсылықтық қатынасы жоқ, тек желілес, іліктес, жалғас пікірлер- ді білдіретін компоненттерді де байланыстыру үшін жұмсалады.
Тегінде, Шыңғыстың асыл шөбі – мық, жусан. Бұл қойдың ырысы, ал қыстау атаулы қойға жайлылық жағынан бағаланады (М. Əуезов). Сіз маған жалған бедел ұсынып отырсыз, ал жалған бедел атақ əпермейді (М.Иманжанов). – Е,е, Ақперді оны айтсын, ал əкең не дейді (М. Əуезов).
Жалғаулық албұл аталған екі қызметіне де бастапқы синтаксистік жұм- салуы негізінде – контактылық элемент ретіндегі жұмсалуы негізінде ие болған: Бұған мына мысал дəлел10. Ал,жүрейік енді, күн көтеріліп кетіпті.
10Алетістігінің үндеу қызметі мына еңбекте аталған: Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – А., 1998. – 45-б.