Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер



бет13/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Алайда жалғаулығының қатысуымен құрылатын қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер




Алайда қызметі, жұмсалуы жағынан біраққа жуық. Бұл жалғаулық ар- қылы құрылған құрмалас сөйлемдер білдіретін қарсылықтық қатынас іл- геріде бірақ қатысып ұйымдасқан конструкцияларға тең келеді.

  1. Бірінші компонент бір істің, оқиғаның болғанын хабарлайды, алайда

жалғастырған компонент оның сəтсіз аяқталғанын хабарлайды.
Бухольц келесі жылы алпыс шақты қайыққа үш мың адамды отырғы- зып, Тобылдан шығады да, октябрь айында Ямыш көлінің тұсына жетіп еді, алайда олар өздерін қоршаған жоңғарлықтармен қыстай соғысып, мұз жүре өлім-жемтігімен, қалған адамдармен кейін шегініп келіп, осы Омбы қаласын салады (Қ. Исабаев).

  1. Бірінші компонент бір оқиға іс жөнін хабарлайды да, екінші ком- понент ол істің жүзеге асуына кедергі, тосқауыл болған оқиғаны хабар- лайды.

Сүйіндік ұрпағын өзі ғана билеп-төстеу ойы басына үйірілгеннен бері, оның ұлы көрші – орыс елінің басқару тəсілдерін біліп, аяғы жетсе, үйреніп қайтқысы да келетін, алайда ол жақтан ешкім келе қоймай, өз жағынан ішке біреуді жіберудің ретін таба алмай жүретін (Қ. Исабаев).

  1. Бірінші компонент бір оқиғаны хабарлайды. Екінші компонент сол оқиғадан туатын нəтиженің (оқиғаның) болмағаны, одан бөлек нəтиженің (оқиғаның) болғанын хабарлайды.

Өскенбай Шоңға барып сөйлесуден де бас тартқан жоқ, алайда ол қай- тар жолында Бөкей қыстауына соқпай, Шыңғыстауға турасынан тар- тып отырыпты (Қ. Исабаев).

  1. Бірінші компонент субъектіге тəн бір сипатты, құбылысты хабарлай- ды да, екінші компонент кем, олқы, өзгеше жайын хабарлайды.

Бөкей ұрпағы аттан түскен жоқ, алайда олар алыс жаққа шат айыр- майтын (Қ. Исабаев). Күніке басында көнбейтін болған, наразы болған, алайда сол наразылық үстінде де ол Ұлжанды бақты (М. Əуезов).
Бірақ, алайда жұмсалуының мазмұны жуық жалғаулықтар. Олар бай- ланыстыратын құрмалас сөйлемдердің арасындағы синтаксистік қатынас бірдей. Екеуінің айырмашылығы – бірақ жиі жұмсалады, алайда сирек жұмсалады, бірақ негізгі басым жұмсалатын тұлға, алайда – оның жəр- демші варианты. Мұны дəлелдейтін статистикалық деректі кейінірек кел- тіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет