Байланыстырушы қайталама қатысып құрылатын мезгілдік қатынасты салалас құрмалас сөйлемдер
Ілгері компоненттің баяндауышы өткен шақ есімше + соң (-ған соң) үлгісімен қайталанып компонентті кейінгі позицияда тұрған компонент- пен байланыстырады.
Қаншама күдіктенгенмен, келіні мен інісінің тарапынан сезікті ештеңе таба алмаған, таба алмаған соң ол тағдырдың жазуына амалсыз көнген (Ə. Асқар).
Осылай құрылған конструкцияда бағыңқы компонент атаған оқиға ба- сыңқы атаған оқиғаның болуына мезгілдік меже ретінде қатысады: басың- қы атаған оқиға бағыңқы атаған оқиғадан соң жүзеге асқан.
Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер
Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық (грамма- тикалық) белгісі – қарсылықтық жалғаулықтар. Ол жалғаулықтар мына- лар: бірақ, алайда, ал, əйткенмен, əйтсе де, сөйтсе де, сонда да, онда да, əйтпесе.
Жалғаулықтарды қызмет, жұмсалу ерекшелігіне сай мынандай топқа бөлеміз:
бірінші топ: бірақ, алайда, ал;
екінші топ: əйткенмен, əйтсе де, сөйтсе де;
үшінші топ: сонда да, онда да;
төртінші топ: əйтпесе, əйтпегенде.
Қарсылықтық қатынас адамның дүние, қоғамтануындағы өзара қарым- қатынасты тануындағы, ситуациялардағы жағдайларды, байланыстарды
білудегі күрделі процестерді байқатады, соларды синтаксистік амалдар ар- қылы тілде бекіткенін көрсетеді. Қарсылықтық қатынас объективті, субъек- тивті көріністерге сүйеніп пайда болады (Бұл өлкенің суы мол, əрі ауа райы салқын – Бұл өңірдің суы мол, бірақ ауа райы салқын екен).
Бірақ, алайда, ал жалғаулықтарының қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер
Бірінші топқа жататын бұл жалғаулықтар құратын байланыс бірыңғай
сегменттік сипатта келеді.
Осы топта ең жиі жұмсалатын – бірақ. Бірақ қатысып құрылған кон- струкциялар қарсылықтық қатынастың нақты көріністерін мол танытады. Осы конструкцияның компоненттері арасында мынандай қатынас көрі- неді.
Құрмаластың бірінші компоненті субъект ойға алған істі, əрекетті хабарлайды да, соңғы компонент сол істің жүзеге аспағанын хабарлайды.
Кузнецов Асқардың ыңғайына қарай бейімделіп, революция отын оның кеудесіне ептеп жақпақ болды, бірақ ол арманына жете алмады (С. Мұқанов).
Бірақ жалғаулығынан кейін тұрған компонент бірінші компонент- те айтылған іс, оқиғаның өзін емес, содан туатын оқиғаны, істің болмай қалғанын хабарлайды.
Жанəбіл орысша тіпті аз білетін, əрі олақ сөйлейтін, бірақ онысынан өзі именер емес (Ғ. Мұстафин). Манадан бергі ащы сөздердің бəрінен де мына сөз Олжайға ауыр тиді, бірақ тілі күрмелгендей, үндеген жоқ (Ə. Əбішев).
Бірақ екі оқиға, сапаны қарсы қойып, салыстырып хабарлаған ком- поненттерді байланыстырады.
Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп (Ғ. Мұстафин). Біздің қазақтың маңғолдан шықпақтығы ұят емес, бірақ білімсіз, ғылым- сыз қалмақтығымыз ұят (Абай).
Екінші компонент бірінші компонентте хабарланған іс, оқиғаның жүзеге асуына бөгет болып тұрған іс, оқиғаны хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |