Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет22/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63

Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер грамматикалық-мағы- налық түрлері мынадай:



  1. Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөй- лемдер.

  2. Мезгілдік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

3 Қарсылықтық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  1. Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  2. Шарттық іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  3. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес құрмалас салалас сөйлемдер.

  4. Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  5. Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  6. Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

  7. Идентивтік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Жалғастық іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті бір информацияны білдіреді де, екінші компонент соған жалғас, соны то- лықтыратын қосымша информацияны білдіреді.


Жалғастық іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттері кө- біне есім баяндауышты болып келеді.
Сабылып сəуір келді, сəуір қазақтың тəуір айы (М. Мақатаев). Жара қатты, жан тəтті, жайсыз қалып барамын қасымда бір жақынның жоғынан (Доспамбет).

Жалғастық іргелес салаластың ілгері (препозициядағы) компоненті ар- наулы қатынастылықты білдіретін формада тұрады. Бұл форманы тудыра- тын баяндауыш – «п тұлғалы көсемше + еді» т.б. түрінде жасалады.


Жолға шығып еді, ауа райы бұзылып кетті. Ақбота алдына кеспе көже қойды. Ішінен ет іздеп қасықпен араластырып еді, жалғыз қара картоп ілінді (Д. Досжанов). Қарауылшының далаға шығып кеткеніне көп уақыт бола қойған жоқ еді, терезе алдынан асығыс өткен аттының дүбірі шық- ты (К. Оразалин).
Жалғастық іргелес салаластың кейінгі позициядағы компоненттерінің бастауышы тəуелдеулі формада келіп, оның ілгері компонентпен байланы- сын білдіріп тұрады.
Мəди үндеген жоқ, көзі жасқа толып кетті (Ə. Əбішев). Қолдарының түсі сарғыштанған, тырнақтары көкшілденіп қанталап тұр (М. Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет