Тұрақты іргелес салаластардың қатарына жататын қарсылықтық сөй- лемдер бар. Олар мыналар:
Бірінші компоненттің баяндауышы бұйрық рай етістік болып кел- ген конструкциялар қарсылықтық қатынасты білдіре алады. Екінші ком- поненттің баяндауышы болып ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ формалы етістік жұмсалады.
Мейлі, маған десе отыз, қырық адам қарсы шықсын, сескену дегенді білмейді (М. Қалдыбаев). Мейлі жас бол, мейлі кəрі бол, романда сурет- телетін Абай мен Əйгерімнің кездесуін осынау ғажайып өмір құбылысын тебіренбей еске ала алмайсың (К. Оразалин).
Бірінші компоненттің баяндауышы өткен шақ көсемше + еді болып келген конструкциялар қарсылықтық қатынасты білдіру үшін жұмсалады.
Солзаттыалайындепкеліпедім,иесі жоқекен(Б. Тілегенов).
Бірінші компонент баяндауышы -атын, -етін тұлғалы есімшеден жасалып, болатын не болған оқиғаны хабарлайды, екінші компонент оған кедергі, қарсы оқиғаны хабарлайды.
Бол, жинал, күтіп тұратын, уақыт жоқ, – деді мұртты адам дау- сынкөтеріп(С. Мұратбеков). ... Өзім-ақсілтейберейінонда,қысылып-
қымтырылатын,бөтенкөзжоққоймұнда(Ж. Еділбаев). Тепсінетін,бұл сеніңкеңсеңемес(Д. Досжанов). Тіптітүсінбеймін.Менəке-шешемнеме- сеаға-жеңгемментұрмаймынғой,сенкүшіккүйеуатанатын(А. Алтай).
-тын,-тінформасы қатысып құрылған қарсылықтық салалас құрмалас сөйлем полемика араласқан диалогта жиі ұшырайды. -тын, -тін тұлғалы компонент алдыңғы репликадағы қарсылық тудыратын мазмұнды келтіреді. Бұл полемиканы жақсы танытады.
Ілгергідей қарсылықтық іргелес салалас сөйлем құрауға келгендей, алғандай, келетіндей, алатындай тұлғалы баяндауыштар қатысады. Бұл типтес баяндауыштар да бірінші компонент құрамында жұмсалады.
Олсоншакейитіндей,бұлсонша,маубаспаекен (Д. Досжанов). Екіленіп кеп,кепкіжінетіндей,сенітонапжатқанешкімдікөрмедім(Д. Досжанов).