Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер мезгіл жағынан қатар болған оқи- ғаларды атайды.
... теңкиген ақ жастықтар төрге қатарланды, төсек салынды, тө- релер жатты (Ғ. Мүсірепов).
а) Мұндай қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада келеді.
ə) Ілгергі компонент баяндауышы + «көріп отыр едім» типті болып (көсемше формадағы негізгі етістік + отыр еді); «көсемше формадағы негізгі етістік + еді» түрінде, екінші компоненттің баяндауышы жедел өткен шақ болып құралған құрмалас сөйлем де мезгіл жағынан қатар кел- ген оқиғаларды атайды.
Болысалақанынжайыпеді,қағып,тырналапоғандабіратымтапты (Ғ. Мұстафин). Хамит сол жақтағы бір теректердің қып-қызыл болып қызарған жапырақтарына қарап келе жатыр еді, аты қымсынып қалды (С. Сейфуллин).
б) Бірінші компоненттің баяндауышы «жедел өткен шақ етістік + болды(кірдіболды), шарттырайетістік+болды»(кірсеболды), «шарт- ты рай етістік + болғаны» (кірсе болғаны) түрінде құрылып, мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер ұйымдасады.
Кесе толы қымызды бердің болды, өңешке сылқ еткізіп құя салады(Б. Соқпақбаев). Ең ғажабы – солардың біреуімен кездесе қалсаң болға- ны,қай-қайдағыойғатүсіп,небірқызықхикаялармаздапқоябереді (Қ. Жұмаділов).
в) Жедел өткен шақ етістік -ақ (сөйледі -ақ) түрінде құралған баян- дауышы бар сөйлем бірінші компонент болып қатысқан құрмалас сөйлем де оқиғаларды қатар болған етіп хабарлайды.
Менсөйледім-ақ, аузыма қақпаққояды.
г) «Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы сол еді» (келуі сол еді), «бастауышыесімше–баяндауышысол(еді)» (келгенісоледі) болып құрылған сөйлем бірінші компонент ретінде қатысқан құрмалас конструк- ция мезгілдік қатынасты білдіреді.
Аяғымыздыңбортқаіліккенісоледі,машинаселкілдепқозғалаберді (Б.Тілегенов).
Үңгірдіңаузынаенгенімізсол,жаңбыржауып,құйыпкепберді. д) «Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы мұң еді» (жетуі мұң еді), «бастауышы есімше – баяндауышы мұң еді» (жеткені мұң еді) түрінде құрылған компонент бірінші позицияда қатысып, іргелес салалас сөйлем қатар болған оқиғаларды хабарлайды.
Селдір сұйық қамыстары селтиіп, ащылық сораң өскен алқап еді. Соған жету мұң екен, əлгі сұр құйын лезде аппақ болып, ұзарып шыға келді (Ə. Нұрпейісов).
Екінші компоненттің құрамына сол-ақекен,солсол-ақекен,сөйткенше болмады деген анафористік сөздер қатысып, мезгілдік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем құрылады: бірінші компонент бір оқиғаны хабарлайды да, екінші компонент соған ілесе болатын оқиғаны хабарлайды.
Шеткіүйдіңбіріненсаққұлақаққаншықшəуетті,солсол-ақекенəрүй- ден он-ондаған ит қаптап шығып, аттылы кісіге ұмтылды (Ə. Нұрпейісов). БозбаланыңішіненбіреріНағиманықайрап,Жүсіпкесалуғакірісті,сөйт- кеншеболмадыекіəйелқарама-қарсыотырақалыпөлеңбастады(Б. Майлин).