Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет26/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Себептік іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Тұрақты іргелес салалас сөйлемнің қатарында себептік қатынасты біл- діретін сөйлемдер былай құрылады:



    1. Бірінші компонент «бастауышы есімше – баяндауышы сол» болып құралып, бір оқиғаны хабарлайды да екінші компоненті соған себеп болған оқиғаны хабарлайды.

Сатып алмағаным сол, машина ескіріп қалған екен. Есеп шықпайды дейсің, шықпайтыны сол, көп қате жібергенсің.
Бастауышты етістікті сөйлем баяндауыш ретінде сол сөзін қатыстырып тұр. Сол анафористік қызмет атқарып, оқиғаның себебі екінші компоненттегі оқиға екендігін сілтеп көрсету үшін жұмсалған.

    1. «Бастауышы есімше баяндауышы сол» болып құралған компонент соңғы позицияда жұмсалып, ілгергі сөйлемде хабарланған оқиғаның се- беп екенін нұсқап көрсетеді. Себеп болып тұрған бірінші компонент атаған оқиға. Екі компоненттің арасындағы мағыналық қатынасты білдіріп тұрған

– анафористік сөз сол.
Құнанбай бұл үйіне көп қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен еді, Ұлжанның Дулатты жібермегені сол (М. Əуезов).
...селт етіп оянып кетті. Енді ұйқы болмасын білді, іштүйнек болған адам-
ша шөмпиіп отырғаны сол еді (Д. Досжанов).

    1. Дəл осы үлгімен құрылған іргелес салалас сөйлемдерде анафористік сөз ретінде сондықтан жұмсалады. Сондықтан сөзінің былай жұмсалуы оның генезисіне байланысты.

Алда шөп бар. Есті алардай, мас қылардай жұпар аңқыған, əлі бүрлері үгілмеген көк жауқазын, құрғақ шөп бар. Соны сезіп келеді, безектеп алып ұшатыны да сондықтан (С. Мұратбеков).



    1. -Тын, -тін тұлғалы есімше себептік мағыналы баяндауыш ретінде бірінші компонент құрамында тұрып себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем құрады.

Жазасын беретін, жолықсам ба екен (М. Қабанбаев).

    1. Бірінші компоненттің баяндауышы көргендей, көретіндей тұлғалы сөздерден болып, себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлем құрылады21.

Тілім байланып қалғандай, үн шығара алмаймын. Біреу келсе екен деген- дей, балалары да елегізеді (С. Мұратбеков). Үнемі Москвада тұрып, сон- да тірлік еткендей, Москва ой-түсімнен неге шықпайды (М. Мақатаев). Ақбілек, жан-жағынан жау қуып келе жатқандай, елегізіп, қымтырыла береді (Ж. Аймауытов).
Аталған конструкциядағы – ғандай тұлғалы сөзді тиянақты формаға ие (verbum finitum) баяндауыштар жасалады. Жəне бұл тұлғадағы баяндауыш- тар дара коммуникативтік тұлға ретінде жұмсалатын жай сөйлем де құ- райды: Алма жаңа үзілгендей.
Есімшелер -дай, -дей жұрнағын жалғап, баяндауыш қызметін атқарған- да, олар модальдық мағынаға (оқиғаны жорамал болжам ретінде хабарлау) ие болады.
Іргелес салалас сөйлем құрамына осы ретпен құрылған компонент (бі- рінші компонент) себеп оқиғаны хабарлайды, екінші компонент содан ту- атын оқиғаны хабарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет