Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


-стан (-стен) формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет40/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63

-стан (-стен) формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер




-стан (-стен) формалы көсемше етістік қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемде -стан (-стен) – көнермеген көсемше формасы. Оның есімшенің болымсыз түрінің аясында туғаны көрініп тұр: келер-келместен. Көсемше пысықтауыш жəне бағыңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады: Көлік келместен, біз жолға шықпадық. Қызметіне қарай кей- де келер-келместен (келер есімше) түрінде қос сөз құрып та жұмсалады.
-стан тұлғалы көсемше қатысып жасалған сабақтас құрмалас сөйлем- дердің компоненттері мынандай қатынасқа түседі.



34 Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – М.-Л., 1948. – 187-б.



  1. Мезгілдік – бағыңқы компонент хабарлаған оқиға басыңқыда хабар- ланған оқиғаға мезгілдік меже ретінде қызмет атқарады.

Қазір де қараша ортасына жетер-жетпестен, қыстауға қарай тарт- ты (М. Əуезов). Бас-аяғы бір ай өтпестен, Алматы қайдасың деп, бəрін тастап тайып отырды (Л. Омарова). Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты, таң атар атпастан, оятып, тұрғызып алды (М. Əуезов).

  1. Сын пысықтауыштық – бағыңқы хабарлаған оқиға басыңқы хабар- лаған оқиғаға сын, сапа ретінде қызмет атқарады.

Темір тепкішікке аяғы тиер-тиместен, жерге секіріп түсті
(Ж. Қорғасбаев).

  1. Себептік – бағыңқы хабарлаған оқиға басыңқы хабарлаған оқиғаға себеп ретінде қатысады.

Пост өткізбестен, көлік кейін қайтты. Жаңбыр жаумастан, егін қу- рап кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет