Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Қар жаумай, егінді жинап алдық. Ұлжан қақпадан шығып үлгермей, оған қарсы Шолпан кірді (Х. Есенжанов).
Бағыңқы компоненттің баяндауышы -й тұлғалы болымсыз көсемше, басыңқының баяндауышы келер шақ етістік болып құрылған сабақтас құр- малас сөйлем шарттық қатынаста тұрады. Бағыңқы шарт ретіндегі оқи- ғаны білдіреді.
Болымсыз -й тұлғаны көсемше бағыныңқының баяндауышы болып оқиғаны басыңқыға сын-сапа ретінде қатыстырады.
Беті былш етпей, күзде кооперативке өткізген екі машина қауын, бір машина картопқа он бес мың теңге беріп қарап тұр (С. Асылбекұлы). Тасқыныбасылмай,сарқырапаққан,ойнамалыжүйрікөзенсайдыжайна- тып, жасартып тұр (М. Əуезов).
Болымсыз -й тұлғалы көсемше бағыңқының баяндауышы болып, оқиғаны басыңқыға себеп ретінде қатыстырады.
Биыл көктемде өзендер тасымай, қырға, жайылым мен шабындыққа су шықпай қалды (Ə. Қайдар) Орыс үйіне пəтерге қоюға əкеміздің шаруа- сыкөтермей,мені...Сағындықдегенадамныңүйінеорналастырды (Ғ. Мүсірепов).
-й формалы көсемше қатысып құрылған бұл сөйлемдер жəне -п фор- малы көсемше құрған сөйлемдердің білдіретін мағыналық қатынастары бірдей дерлік. Келер шақ формалы көсемшенің қатысып, осындай сапаға ие болуында себеп бар. -й формалы көсемше келтірілген мысалдарда бо- лымсыз формада жұмсалған жəне бұлар -пформалы көсемшенің орнын ба- сып жұмсалып тұр. Өткен шақ көсемше ежелден болымсыздық жұрнағын қабылдай алмаған. Оны кезінде Н.К. Дмитриев32 кейін В.Г. Кондратьев33 дəлелді етіп айтқан болатын. Бұл көсемше болымсыз форма алу үшін -й жұрнағын қабылдаған: жүгіріп (кірді) – жүгір-ме-п емес, жүгір-ме-й. Осылай өзгеріп келгенмен тіл оны бастапқы қалпында танып, болымды -п тұлғалы көсемшемен қатар жұмсаған. Бұл күрделі процедура сөйлеу прак- тикасында нақты орныққан.
32ДмитриевН.К.Грамматика башкирского языка. – Л., 1940. – 187-б.
33КондратьевВ.Г.Очерк грамматики древнетюркского языка. – Л., 1970. – 54-б.