Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет37/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


Келер шақ көсемше формалары -а, -е, ортақ сипатта қызмет атқарып сабақтас құрмалас сөйлем құрады. Бұлардың синтаксистік қызметі морфо- логиялық форма ретінде танылған грамматикалық мағынасына сүйенеді.


Келер шақ көсемше формасы деп аталып жүрген -а, -е, -й жөнінде Н.А. Баскаков былай деген: -а, -е, -й тұлғалы көсемше істі, əрекетті ба- сыңқы етістікте аталған іске қатар, жарыса болған етіп пысықтауыш ретінде қатыстырады31.



30 Грамматике алтайского языка. – Казань, 1863. – 175-б.
31 Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Т. ІІ. Фонетика и морфология. Ч. І. – М., 1952. – 464-б.

Аталған формалы етістіктер сабақтас құрмалас сөйлем ұйымдастыруда мынандай ортақ қызмет атқарады.



  1. Көсемше етістіктер бағыңқы компоненттің баяндауышы болып, оны мезгіл пысықтауыш мəнді бағыңқы етіп қатыстырады. Бұл компонент оқиғаны, құбылысты басыңқы компонентте аталған іспен, оқиғамен қатар келетін мезгілдік белгі етіп көрсетеді.

Қой қоздай, мал иесіне əбігер кіреді (Ə. Асқар). Таң бозы біліне, жыл- қыны далаға шығарды (М. Тиесов). Əңгіме қыза келе, Елемес маған қарай жылжи түсіп, тіземді баса кеп жайғасты (Қ. Жұмаділов). Таң сібірлей, мал қозғалақтады (М. Тиесов).

  1. Келер шақ көсемше етістік бағыңқының баяндауышы болып, ол хабарлаған оқиғаны, құбылысты басыңқы атайтын оқиғаға сын, сапа пысықтауыш ретінде байланыстырады.



Қалжың-күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (С. Мұқанов).


Аңсаған көңілім серпіле, Бүгілген белім керіле,
Сапар шегіп, жол тарттым Сүйікті Кавказ еліне
(Жамбыл)


Анау жұртты шақар айғырдай мойнын салып, ықтыра қуғанда, ел арыз айта, өзіме келеді (М. Əуезов).



  1. Бола тұра етістігі бағыңқының баяндауышы болып немесе баянда- уышы құрамына кіріп, оны басыңқымен қарсылықтық қатынасқа түсіреді. Сонша əзірлігі бола тұра, ол тойын жасамай кетті (С. Мұқанов). Материалы бұрынғы, оқиғасы бұрынғы, кейіпкерлері бұрынғы, олардың драмалық қарым-қатынасы бұрынғы бола тұра, сипаттау жағынан роман қайта жазылды (С. Мұқанов). Кейбір сұраулары бола тұра, Сырбайдың

сөзін Естай бөлген жоқ (С. Мұқанов).
Біз келер шақ көсемше формалы етістік түрлеріне (-а, -е, тұлғалары) құрмалас сөйлем құрудағы ортақ жұмсалысты, қызметті көрсеттік. формалы көсемше етістік бөлек шығып жұмсалып, бөлекше мағыналық қатынасты сабақтас құрмалас сөйлем құрайды.

  1. тұлғалы болымсыз көсемше етістік бағыңқының баяндауышы бо- лып компоненттерді жалғастық қатынаспен байланыстырады. Компонент- тер бірін-бірі толықтыратын хабарлар əкеледі.

Биыл сөзім жерде қалмай, ісім оңға басты (Д. Досжанов). Алдыңғы ат баран болмай, ол қылаң болды (Ақан сері).

  1. тұлғалы болымсыз көсемше баяндауыш бағыңқы компонент пен басыңқы компонентті мезгілдік қатынасқа түсіреді. Бағыңқы бір істің, оқи-

ғаның болмай тұрған кезін басыңқы сөйлемдегі оқиғаның мезгіл кезеңі етіп көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет