Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Келер шақ есімшелердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет46/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Келер шақ есімшелердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


Сабақтас құрмалас сөйлем құруға -ар, -ер, -тын, -тін тұлғалы есімшелер қатысады.



    1. -ар, -ер тұлғалы есімше жатыс септік жалғауын жалғап, бағыңқының баяндауышы болып, оны басыңқымен байланыстырады -арда, -ерде (ба- рарда, келерде). Бағыңқы келешекте болатын оқиғаны, іс-əрекетті атап, оны басыңқы хабарлаған оқиғаның, іс-əрекеттің болар, жүзеге асар мезгілі ретінде қатыстырады.

Дəл көктем шығарда, жауғаны жақсы (С. Мұратбеков). Пар ат жек- кен тарантасқа Айбарша мінерде, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты (С. Мұқанов). Мен сүйем, күн шығарда, көгілдір көк жібектей көтерілген көкшіл буды (М. Жұмабаев).

    1. -ар кезде (келер кезде) тұлғалы баяндауыш қатысып құрылған құр- малас сөйлем де осы мағыналық қатынасты білдіреді.

Шай ішіліп болар кезде, бала да оралып қалар (С. Сматаев). Құдалар үйден шығып, аттанар кезде, анадай жерде тұрған Анарбай шақырып алды (Х. Есенжанов).

    1. -тын, -тін тұлғалы есімше жатыс септік жалғауын жалғап (келетінде),

бағыңқының баяндауышы боп, оны басыңқымен байланыстырады.



39 Бұл конструкциялар туралы өзгеше пікірді мына еңбектен қараңыз: Қазақ тілінің грамматика- сы, ІІ том. – А., 1967. –156-б.


Қарағым, қыста əлгі Батырбай барып, Тоқтамолдаға сенің үстіңнен шағым жасайтында, сол күні өзің біздің үйге келіп, қаншама ақылды сөз айттың (Б. Соқпақбаев). Отызыншы жылы бір жүз үйлер колхоз құрып, қыс ішінде киіз үйден қала салдыратынымда, осы сықылды бір əйел шапыл- дады (Б. Майлин). Қыс ішінде үй тұрғызатынымда, сен келдің (Б. Майлин). Бұл конструкциядағы -тында тұлғалы баяндауыш іс-əрекетті өткенде болған етіп көрсетеді. Сондықтан сабақтас құрмалас сөйлем –ғанда тұлғасы арқылы құрылған сөйлемнің мезгілдік қатынас мағынасына
коммуникативтік синоним болып жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет