Қимыл есім формалы етістіктердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
Қимыл есім формаларынан сабақтас құрмалас сөйлемдерді құруға қа- тысатындары ретінде бұл тұста -у, -ыстұлғаларын атаймыз.
-ыс, -іс, -с тұлғалы қимыл атауы (күліс, атыс) тəуелденіп көмектес септік жалғауын жалғап, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да (барыс-ы-мен) бағыңқы компонент пен басыңқы компонентті мезгілдік қатынасқа түсіреді.
Жүктүсісімен,онықоймағатасыдық.Күншығысымен,бұлтыдырай бастады.
Бұл конструкцияларда бағыңқы компонент бір оқиғаны басыңқы хабар- лаған оқиғаның басталуына, жүзеге асуына мезгілдік меже ретінде атайды. Қимыл есімдер етістікті предикативтік қызметке жегудің негізі болған.
Қимылды атайтын сөздер есім ретінде тəуелдік жалғауды қабылдап баяндауыш қызметінде бастауышпен грамматикалық (предикативтік) бай- ланысқа түскен.
-у тұлғалы қимыл есім (сөйлеу, жүру) үшін септеулігін қатыстырып, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да, бағыңқы ком- понент пен басыңқы компонентті мақсат мағыналы қатынасқа түсіреді.
Күзетшісезіпқалмауүшін,бізжыраныңішіменеңбектепкеттік (С. Көбеев). Су тегіс жайылу үшін, сушы оны шелдеп жүргізді. Затында баланы жек көргендіктен емес, ерімен екі ортасындағы жібектей нəзік махаббат жібі үзілмеу үшін, екі жанды бір-біріне қоса білген иманнанда ізгі махаббатқа басқа бір жан келіп, жік салмау үшін бала болмауын тілеп еді Шолпан (М. Жұмабаев).
Бұл конструкцияда бағыңқы компонент басыңқы компонент атаған оқиғаның болуына, жүзеге асуына себеп, мақсат болатын оқиғаны, іс-əре- кетті хабарлайды.
Жерқарада,қыстауғакөшіпалдыүлгісінде құрылған конструкцияның құрамындағы бастауышы зат есім – баяндауышы жатыс жалғаулы есім болып қатысқан тұлғаның орны, сипаты анықталмаған. Ол бағыңқы қа- тарында да, үйірлі мүше қатарында да аталмай жүр.
Біз бұл үлгіде құрылған синтаксистік тұлғаны сабақтас құрмалас сөй- лемдер деп таныдық – жерқарада– бағыңқы компонент. Қыстауғакөшіп алды – басыңқы компонент.
Жер қарада, Жер қара типті сөйлем негізінде құрылған. Есім баянда- уыш жатыс септік жалғауын жалғап, құрмалас сөйлем құруға қатысатын болған. Бұл құрылыстағы құрмалас сөйлем мезгілдік қатынасты білдіреді. Бас аманда, елге жетіп алайық (Ж. Еділбаев). Е, қарағым, көзім тіріде, ер азаматтың ошағының оты өшпегені, терезесінің шамы сөнбегені мақұл ғой (Ə. Шілтерханов). Қағазбай, «ел жата, жер қатқақта, жүріп кетеміз» дегенді айтты (Б. Соқпақбаев).
Конструкцияның бағыңқысы бар, жоқ сөздерін баяндауыш етіп жиі қатыстырады.
Ұят барда, иман бар. Даусым барда, елім алдында өнер көрсетейін дедім. Əділдік жоқта, бірлік жоқ.
Бағыңқы компонент Малөрісте,Қаржауудатипті сөйлемдерге анало- гия ретінде пайда болған.
Мезгілдік мағынадағы бағыңқы негізінен сабақтас құрмалас сөйлем құрамында жұмсалады. Бірақ бұл тұлғада құрылған дара жұмсалатын сөйлемдер де бар: Ораза, айттоқтықта.