Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Құрмалас сөйлемдердің басты түрлері



бет5/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Құрмалас сөйлемдердің басты түрлері


Құрмалас сөйлемдер бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұларды түрге бөлу құрылысын тануға, құрылысына сай ортақ жəне ерекше белгілерін анықтау- ға бағытталған жəне сол жұмыстың қорытындысын көрсетеді.


Тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылысын тану. Осы құрылы- сына сай танылған тұлғалардың қызметі, мағынасы қосымша белгілері ре- тінде екінші кезекте ілесіп зерттеледі, қосымша белгілері ретінде оған та- ғылады. Осыдан əр синтаксистік тұлғаның толық бейнесі (сипаты) тұрады. Құрмалас сөйлемдердің басты тұлғалары мына белгі бойынша шығады:


Құрамына сай.
Грамматикалық форма алуына сай.
Құрмалас сөйлемдер құрамына сай екі түрге бөлінеді.

    1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер.

    2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер үш жəне одан да көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралады.


Кешегі Оспан – Бір бөлек жан: Үйі – базар, Түзі – той
(Абай)


Алтайда шыбын-шіркейдің өмірі қысқа! Шілдемен келіп, сүмбіле түсе, кетеді, шық түскенше, өрекпіп, бірге өледі (Қ. Ысқақов).
Құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне қарай мынандай екі түрге бөлінеді:

  1. Салалас құрмалас сөйлемдер.

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Конструкцияға қатысатын компоненттер баяндауыштары түгелдей тия- нақты (финиттік) формада қатысқан құрмалас сөйлемдер салалас құрма- ластар түріне жатады. Бұл құрмалас сөйлемдер осы тиянақты баяндауыштық тұлғалар арқылы, интонация, компоненттердің орын тəртібі, жалғаулықтар арқылы байланысып, ұйымдасады.
Əлі де бір ай жұмыс істейтін едім, бірақ əкем қайт-қайттың астына алды (А. Нұрманов).
Конструкцияның бірінші компоненті баяндауышы тиянақсыз финит- тік емес (шақтық, жақтық формалары қатыспай) – көсемше, шартты рай, қимыл есім тұлғаларын алып, сол арқылы екінші компонентпен байланы- сып құрылса, ол сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне жатады.
Май айы аяқталса да, күн суытып тұр (А. Нұрманов).
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жа- ғынан осылай алшақ, бірақ білдіретін мағыналық қатынасы жағынан бі- ріне-бірі вариант болып, жарыса жұмсалатын тұлғалары бар.

Қарсылықтық қатынасты білдіретін салалас сөйлемге вариант болып келетін сабақтас құрмалас сөйлем бар.


Май айы аяқталды, бірақ күн əлі суытып тұр Май айы аяқталса да, күн əлі суытып тұр.
Салалас сөйлемдердің барлық грамматикалық, семантикалық түрлеріне сай келетін вариант сабақтас құрмалас сөйлемдер тобында түгелдей дерлік бар. Осы жағдайға қарамай жəне салалас құрмалас сөйлемдердің сабақтас- тардан көп бұрын қалыптасқанына қарамай құрмалас сөйлемнің сабақтас
түрлері сөзде озық жұмсалады.
Мысалы, М. Əуезовтің «Абай жолы» романының бірінші кітабының 5-10
беттерінде 19 құрмалас конструкция бар, соның салаласы 6, сабақтасы 13.
Мұндай алшақтық ұзақ мəтінде өте бақырайып шығады.
Ə. Елшібаеваның «Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылым- дық, функционалдық арақатынасы» деген зерттеуінде мынандай статис- тикалық дерек келтірілген.
М. Əуезовтің «Абай жолы» (бірінші кітап) романының 80-130 бетте- рінде салалас құрмалас сөйлем 12 рет, сабақтас құрмалас сөйлем 92 рет жұмсалған1.
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің жарыса келетін грамма- тикалық-семантикалық түрлерінің бəрінде осындай алшақтық бар. Дəлел үшін мына деректі келтіреміз.
Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының 60-115 беттерінде себеп- тік құрмалас сөйлемнің жалғаулықтысы 1 рет, сабақтас құрмаластан 12 рет жұмсалған2.
Аталған мəліметтер салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-тү- рінің жұмсалуын билейтін коммуникативтік талғам бар екенін ескертеді. Сондықтан салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді тек грамматикалық ерекшелікпен бөлінген түрі деп қарамай, коммуникативтік жағынан ерек- шеленетін, арнаулы коммуникативтік қызметке бейімделген синтаксистік тұлғалар болып танылуға тиіс. Осыдан барып құрмалас сөйлемдердің са- лалас, сабақтас болып топталуы тек теориялық білім үшін ғана емес, прак- тикалық та мəн алады.
Коммуникативтік талғамға сай күрделі пікірді хабарлайтын синтаксистік тұлғалар сегменттік, тізбектілік типті құрылысқа жүгінеді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер тізбектілік талабын атқарады. Салалас құрмалас сөйлемдер сегменттік талабын өтейді. Қазақша сөзде лебізді тізбекті етіп құрау қалаулы. Осы себептен сабақтас құрмалас сөйлемдер басым жұмсалады.



1 Елшібаева Ə. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық ара- қатынасы: к.д. авторефераты. – Алматы, 2006. –16-б.
2 Елшібаева Ə. Аталған жұмыс. – 15-б.

Қазақша сөзде сегменттеліп құралуға бет алған лебіз сөйлеу процесінің үстінде коррекцияға түсіп, тізбектілік сипатқа ие бола алады.


Іргелес салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті финиттік фор- мада құралғанмен, екінші компонент құрамына тізбектілік байланыс туды- ратын байланыстырушы қайталама қатыстырылады3.
Алтай тауының бір қуысындағы ауылға Мэлс өз қалауымен келді, кел- генмен туған елі есіне түсе беретін (Ə. Асқар).
Сегменттік талаппен құралып, сегменттікті көрсететін жалғаулықтары бар құрмалас сөйлемге сөйлеуші байланыстырушы қайталамаларды енгі- зіп, тізбектілік сипатын қосып жібереді.
Енді соңғы əнді есітіп қалуға ауылдың бар адамдары бүгін əсіресе құмартқан, бірақ құмартқанмен шеткі қоңыр үй-малшы, жалшылардың үйінен сол əнді тыңдауға талпынған талай жан бара алмай, өкініш пен күйікте қалған (М. Əуезов).
Байланыстырушы қайталамалар құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланысқа сай түрлі формада кірігеді.
Əйел қатындық қарызын орындап, дауыс қылып болған соң өзіне келіп, есін жиды, есін жиған соң: «Бірақ – деді, белін бекем буып, – бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінəлімін бе!» (О. Бөкеев).
Сөйлеушілердің тізбекті құрылған лебізге құмарлығы тағы мынадан көрінеді.
Тізбектілік, тек сабақтас құрмалас сөйлем үлгісінде ғана орындалып қоймайды. Ол салаластық үлгіде де орындалады.
Өмір шындығына жанаспайтын қайдағы бір жылымшы махаббатты жыр ететін кітаптарды оқып алып, бұл əйел əрине сондай жылымшы ма- хаббат іздеп мына толық жігітке ерге шыққан ғой. Қара қияқ мұрт, қара қалың қасын көрді де, ғашық болды, əрине. Ғашық болдым деп ойлады, əрине. Ойлады да өзін-өзі алдады, алдады да ерге шықты. Шықты да өкінді. Кітаптағы жылымшы махаббат өмірде қышқыл екен. Енді бұл сорлы соған өкінетін болар (Ə. Тарази).
Байланыстырушы қайталамалар анафористік құрылымда да жұмсалады: солай етті де – сөйтті де, т.т. Көп жалғаулықтар осы анафористік құры- лымдар негізінде дамып шыққан.
Осы фактілер тізбектіліктің, оны іске асырушы амалдардың қазақша сөйлеу дəстүріндегі, синтаксистік жүйедегі ерекшелігін, орнын байқатады. Тізбектілікті құрылыс, оның таңдаулы болуы адамның о бастағы табиғат құбылыстарын, табиғаттағы заттарды көру, тану, айту дəстүріне байланыс- ты, соны үлгі етуіне байланысты орныққан. Адам бұл айтылғандарды ор-



3 Байланыстырушы қайталамалар жəне олардың жасалуы осы еңбектің 11-бетінде қарасты- рылады.

наласу ретін, бірінен соң бірінің ілесіп келу ретін қуып көрген, айтқан, таныған. Осы дəстүр, тəртіп синтаксистігі тізбектіліктің орнығуына, қалау- лы болуына негіз болды.


Құрмалас сөйлемдердің аталған басты түрлері – екі компонентті, көп компонентті құрмалас сөйлемдер, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдер – ортақ сипатымен біріккен, бірақ іштей жасалу ерек- шелігі бар кіші грамматикалық-семантикалық түрлерді шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет