Шікеңнің қызбаған күні бар ма, онысына өзі артынан өкініп жүрді
(А. Нұрманов).
Ерлегенің жақсы ғой, шалым. Тек уəденің де шама-шарқы болады. Ауызбен айтқан бір басқа. Мал бағып жүрген адамсыз, оны өзіңіз біліңіз (А. Нұрманов).
Тіпті уəдеден шыға алмай жатсаңыз да, сізді сөгетін ешкім жоқ
(А. Нұрманов).
Осы мысалдардағы қарамен терілген компоненттер дара жай сөйлем ретіндегі жұмсалысына тəн функционалдық, стильдік табиғатын құрмалас конструкцияға қосып тұр.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттер ортақ лексикалық тұлғаға, ортақ грамматикалық амалға ие болып, өзара байланысын, грам- матикалық бір тұлға ретіндегі сапасын күшейте түседі.
Құмның ішінде мал жайылатын қылтанақ азайған, құдықтың суы тартылған (М. Рахманберді). Əкем арба жөндеп, шешем құрт қайнатып жатыр (Ғ. Мұстафин).
Құрмалас сөйлемдер компоненттерінің арасындағы мағыналық қаты- нас олардың баяндауыштарының шақтық формасының үйлесуіне байла- нысты. Мысалы, -са, -се формалары арқылы құрылған құрмалас конструк- цияның шарттық немесе мезгілдік қатынасты білдіруі басыңқы компо- ненттің баяндауышының шақтық (өткен шақ, келер шақ) мағынасына тəуелді. Компоненттер баяндауыштарының аталғандай үйлесуі мына мы- салдардан көрініп тұр.
Мал дəріден қашқан өзіңіз, əйтпесе төл бұдан да көп болар еді (Ғ. Сланов).
Көп болар еді – өткендегі келер шақтық оқиға болып көрінуі бірінші компоненттегі шақтық мағынаға (қашқан) байланысты.
Құрмалас сөйлемдер басқа құрылымдармен – жай сөйлемнің күрде- ленген түрлерімен функционалдық, құрылымдық байланысқа түсіп тұрады.
Сұлтан далаға шықты. Сəнжан қабағын түйіп тұрған қалпы тұрды да, ол да шықты (Ə. Тарази).
Жер кімдікі, ел кімдікі – Жер, ел кімдікі.
Оты бөлек, суы бөлек – Оты, суы бөлек (Ə. Тарази).
Жара қатты, жан тəтті, Жайсыз қалып барамын
Жанымда бір жақынның жоғынан (Доспамбет).
Жанымда бір жақыным жоқ болғандықтан, жайсыз қалып барамын.
Сұлтан қарындасын ұзататынын есітіп, колхоз оған бір қой берді (Ə.Тарази). – Сұлтан қарындасын ұзатады екен, соны есітіп, колхоз оған бір қой берді.
Құрмалас сөйлем түрлі коммуникативтік мақсатты орындаудың амалы ретінде жұмсалып тұрады.
Əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ – Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ.
Сылдыр-сылдыр қамысқа сырғам түсті, танымайтын жат жұрт- қа əпкем түсті.
Түн салқын екен.
Тау осылай, күндізгі ыстық, түнгі суық.
Тау осылай адресатпен контакт үшін, онымен пікір жалғастыру үшін қатысып, құрмалас сөйлем құрып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |