Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы амалдар



бет6/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы амалдар


Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырып, оның синтаксистік формасын қалыптастыратын грамматикалық тұлғалар ілгеріде аталды. Солардың қа- тарында компоненттерді байланыстырушы амалдар да аталған болатын. Енді осы амалдарды арнайы даралап, көрсетпекпіз. Өйткені бұл амал- дар құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық табиғатын қа- лыптастыруда басты қызмет атқарады.


Алдымен құрмалас сөйлемдердің барлық грамматикалық түріне қаты- сатын амалдарды – универсал амалдар деп атаймыз.
Универсал амалдар:
а) орын тəртібі; ə) интонация; б) демеуліктер.

  1. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлеріне, коммуникативтік түрлеріне қатысты орын тəртібінің ережесі бар. Бұл ережелер құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруда елеулі қызмет атқарады.

  2. Интонация мынандай басты компоненттерден құралады: а) сөйлемнің айтылуындағы жиілік;

ə) сөйлемнің созылыңқылығы;
б) сөйлемнің айтылуындағы пауза, екпін.
Осы компоненттер қатысып сөйлемнің интонациялық қалпын құрады.

  1. Демеуліктер салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге бірдей қаты- насып, экспрессивтік мағына қосу үшін жұмсалады.

Жаңбыр жауса-ақ, көл тасиын деп тұр. Мен сөйледім-ақ, аузыма қақпақ қояды (А. Нұрманов).
Салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырушы амалдар: а) жалғаулықтар;
ə) анафористік есімдіктер;
б) байланыстырушы қайталамалар.
Бұлар салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыру үшін жұмсалады.

Анафористік амал дегеніміз – есімдіктер, есімдік негізді сөздер (сөйтіп, солай болғандықтан), бұл сөздер құрмалас сөйлемнің екінші компонентінің сөйлем мүшесі ретінде қатынасып, алдыңғы компонентті бір синтаксистік байланысқа түсіріп тұрады.


Кім келді, онысынан хабар болмады (Б. Соқпақбаев).
Əрине, ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ. Болысым кім, пат- шам кім, пайғамбарым кім, онда менің жұмысым болмауы керек (Ғ. Мүсірепов). Дыбыс не, қаріп не, таңба не, оны ешбір айыра алмайды (Ғ. Мүсірепов).
Арқадағы Əлке Байдалы деген елге барымталы болып қалады, содан
жылдағы жайлауға бара алмай, шөлде отырып қалыпты (М. Тиесов).
Бір жылы бозға жұмыртқалаған үйректі тұзақ құрып ұстап алдым да, терісін бітеудей сойып, басыма кидім, сөйттім де, көлге бардым... (С. Мұқанов).
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыруға қа- тысатын тұлғалар екі топқа бөлінеді:

    1. Негізгі тұлғалар.

    2. Үстеме тұлғалар. Негізгі тұлғалар мыналар:

а) етістіктің көсемше формасы (-п, -а, -е, -й; -стан, -стен, майынша,
мейінше, ғалы, -гелі, -қалы, -келі)
ə) етістіктің шартты рай формасы (-са, -се)
б) етістіктің есімше формасы (-ған, -ген, қан, -кен, -ғанша, -кенше, -ар,
-ер, -тын, тін)
в) етістіктің қимыл есім формалары (, -ыс, -іс, т.б.).
2. Үстеме амалдар мыналар:
а) септік жалғаулары (барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жал- ғаулары)
ə) тəуелдік жалғау (-ген-ім-де, бар-ыс-ы-мен т.т.) б) жақтық жалғау (-са-м, -се – ң)
в) септеулік шылаулар (кезде, соң, кейін, дейін, шейін, сайын).
Үстеме амалдар негізгі тұлғалардың жетегінде келіп, соларға үстеліп жұмсалады.
Сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысатын бұл амалдардың қызметі мынандай. Бұлар бағыңқы сөйлемнің баяндауышын байланысты- рушы тұлға ретінде жасайды. Баяндауыш ретінде негізгі тұлға көсемше формалы етістік, шартты рай формалы етістік, есімше формалы етістік, қимыл есім формалы етістіктер қатысады. Септік жалғау, жақтық жалғау т.б. соларға үстеледі.
Бұрын хат бергенімде, ашуланып, қымыз бергізбей қоятын (Б. Майлин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет