Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Байланыстырушы қайталамалар жөнінде



бет7/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Байланыстырушы қайталамалар жөнінде


Байланыстырушы қайталамалардың сипатын мына мысалдар арқылы көрсетеміз.


Ол кісі педучилищені ойдағыдай бітіріп, жолдамамен шалғайдағы осы ауылға келді, келгенмен алғашқы жылдары алыс Талдықорғандағы үйі жиі-жиі есіне түсіп жүрді (Ə. Асқар).
Құрмалас сөйлем екі компоненттен құрылған. Компоненттердің баян- дауыштары финиттік формада (келді, есіне түсіп жүрді). Компоненттер қар- сылықтық қатынаспен байланысқан. Ол қатынасты білдіріп, компонент- терді байланыстырып тұрған -келгенмен. Біз бұл сөзді байланыстырушы қайталама деп атадық.
Сөйлемді бірден сабақтас құрмалас түрінде құрып та айтуға болар еді. Ол кісі педучилищені ойдағыдай бітіріп, жолдамамен шалғайдағы осы ауылға келгенмен, алғашқы жылдары алыс Талдықорғандағы үйі жиі-жиі есіне түсіп жүрді. Бірақ сөйлеушінің сөйлеу талғамына сай бірінші ком- понент баяндауышты финиттік формада қатыстырады, екі компоненттің арасындағы қарсылықтық қатынасты көрсету үшін ол баяндауыш келген- мен түрінде қайталанып, байланыстырушы амал ретінде қатыстырылды.
Бұл байланыстырушы амал бірінші компоненттің баяндауышын қай- талаған жəне оны қарсылықтық сабақтас сөйлемнің бағыңқысының фор- масын алып қайталаған. Бұл қайталамалар бағыңқы компоненттер баян- дауышының басқа формаларын қабылдап та жұмсалады.
Аға бұған күніге жем береді, берсе де жылқы жөнді қон алмай тұр
(М. Тиесов).
Бағыңқының баяндауышы анафористік есімдік негізінде жасалған сөз- дер түрінде қайталанады, сөйтіп (солай етіп), сөйтсек (солай етсек), сөйт- се де (солай етсе де) т.т.
Қызбен уағдаласып жүріп, құда түсеміз, қолдан аламыз деп жүргенде алып қашты, сөйтіп екі ауылды үлкен дауға қалдырды (Ə. Асқар). Қолымды қалтама салып, іздедім, сөйтсем ол түсіп қалыпты (М. Тиесов).
Ілгеріде аталған қайталамалар екі компоненттің аралығында жұмсалады.
Ал мына қайталамалар екінші компонентпен предикативтік қатынасқа түсіп, алдыңғы компонентті себептік байланысқа келтіріп тұр.
Біреуін де алмадым, алмағаным – өлген үйректерді сол жел айдаған толық жағаға тастайды деп ойладым (С. Мұқанов).
Бұл қайталаманы предикативтік позициядағы қайталама деуге болады. Осы позицияға түсу үшін ілгергі компоненттің баяндауышы қимыл есім тұлғасын алады, тəуелдік жалғауы субъектінің жағын көрсетеді.

Қайталаманың осы формасында жəне предикативтік позиция алып, басқа қайталамалардан өзгеше сапада келуі компоненттердің «салдар ре- тіндегі оқиға – себеп ретіндегі оқиға» ретінде қатысуына байланысты.


Предикативтік негіздегі қайталаманың орнына олай дейтінім, олай дейтінінің, олай дейтіні жалғаулық қызметінде жұмсалып, себептік бай- ланысты білдіреді.
Көлік қалаға жүре алмайды, олай дейтінім – көпірді су алып кеткен.
Осы факт тұрғысынан қарағанда өйткені деген жалғаулық та преди- кативтік қайталама негізінде дамып, қалыптасқан деп айтуымызға бола- ды. Ол да бастапқы кезде олай еткенім, олай еткенің, олай еткені болып жұмсалған, кейін тек бір тұлғада (өйткені) тұрақтанған.
Қайталама амалдардың шығуы салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге жүктелген коммуникативтік талаптарға, солардың арасындағы контами- нациялық процеске байланысты. Бұл – қазақ сөйлеу дəстүріне тəн күр- делі, əрі қызықты процесс. Жəне осы процесс қазақ тілінің жүйесінде са- лаластық, сабақтастық тек грамматикалық бітім ретінде қалып қоймай, коммуникативтік талғам жүйесіне де түсіп келе жатқанын ескертеді.
Байланыстырушы қайталамалар арқылы жасалған құрмалас сөйлем- дердің компоненттерін тиісті жалғаулықтарын қосып, бірден салалас құр- малас етіп те құруға болады. Аға бұған күніге жем береді, берсе де жылқы жөнді қон алмай тұр (М. Тиесов). – Аға бұған күніге жем береді, бірақ жылқы жөнді қон алмай тұр.
Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемге, сабақтас құрмалас сөйлемге жүктелген бөлек-бөлек коммуникативтік талаптар бар. Ал қайталама бай- ланыстырушылар қатысып құрылған конструкциялар сол екі талапты да контаминациялап (сиыстырып) сөйлесуге арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет