Тапсырма:
Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілерін атаңыздар.
Құрмалас сөйлемдердің семантикасының құрамын атаңыздар.
Құрмалас сөйлемдердің формасының құралуын түсіндіріңіздер.
Құрмалас сөйлемдердің басты түрлерін жəне оны түрге бөліудің басты принциптерін түсіндіріңіздер.
Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амалдарды айтыңыздар.
САЛАЛАС YРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Салалас құрмалас сөйлемдердің негізгі грамматикалық түрлері
С
алалас құрмалас сөйлемдерге жалпылай ортақ грам- матикалық құрылысы ілгеріде айтылды – олар баян- дауыштары жақтық формада қатысқан компонент-
терден құрылады, яғни бұл баяндауыштар тиянақты фиттик деп аталатын тұлғада тұрады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерде бір компоненттің баяндауышы тиянақсыз-жақтық емес (фиттик емес) формада қатысады.
Бұлар таяу тақалып келді, Танабай қарт есік алдында кү- тіп тұрған.
Бұлар таяу тақап келгенше, Танабай қарт есік алдында кү- тіп тұрған (Ə. Тарази).
Салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысы түрлі, олардың компоненттерін байланыстыратын амалдар да көп.
Тіл білімі салалас сөйлемдердің құрылысын тануды ком- поненттерінің көпшілігіне ортақ байланысу амалдарын анық- таудан, солардың салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдасты- руға қатысуын табудан бастайды.
Осы позициядан келгенде салалас құрмалас сөйлемдер ең алдымен байланысу амалдарына қарай екі топқа бөлінеді.
Орын тəртібі, интонация (жалғаулықсыз) арқылы ұйым- дасқан салалас құрмалас сөйлемдер – бұлар іргелес салалас құр- малас сөйлем деп аталады.
Сəнжанның көңілі көтеріңкі, қабағы ашыңқы (Ə. Тарази). Жеңгей шұ- быртып сөйлей берді, балалар тыңдай берді (С. Мұратбеков). Несін айта- сың, актив кемпір. Ризығың таусылмаған екен, бақытың бар екен (Ə. Тарази).
Жалғаулықтар компоненттерін байланыстырып ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдер – бұлар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Бұл грамматикалық топ кейбір еңбектерде жалғаулықсыз салалас құр- малас сөйлемдер деп аталады4. Біз іргелес салалас құрмалас сөйлем деген атауды таңдадық. Оған мынандай себептер бар:
Іргелес сөйлемдер, іргелес құрмалас деген атаулар қазақ тіл біліміне ертеден кірген. А. Байтұрсынов іргелес деп қатар келіп, мағына жағынан өзара қатысты тұлғаларды атайды жəне ғалым оларды құрмалас қатарынан бөлек қарайды. «Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес делініп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөй- лемдер құрмалас делініп аталады»5. Осылай деп іргелес сөйлемдер деген атауды құрмаластан бөлек қарағанмен, келтірген мысалдарында, ол сөй- лемдердің тыныс белгілерін түсіндіруінде А. Байтұрсынов екі жақты ұғым- ды қатыстырғаны көрініп тұр: іргелес құрмалас жəне текст (мəтін) ретіндегі синтаксистік тұлғалар деген ұғымдар.
А. Байтұрсынов мынандай мысалдарды іргелес сөйлемдер деп келтірген, оған төмендегідей түсінік береді.
Іргелес сөйлемдер:
Күн ашық. Торғайлар шат. Ыңжың орман.
Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді.
Біссімілдə безгелдек! Бұлай жатсын дуадақ! Сыбағама қоңыр қаз. Үлесіме үш үйрек. Екі сартқа бір тартар, аққуды батыр екең атар.
1-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің жайын сөй- леген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жайын сөйлеген ой іргесінің ғана бір- гелігі бар. 3-інші мысалға алынған сөйлемдер арасындағы үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар.
Сөйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне-бірі тек ой іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нəрсе жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне-бірі қосылмай, ашық-ашық үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады. Іргелері жақын болса, ортаншы тыныс белгісі (,) қойылады.
А. Байтұрсынов іргелері жақын араларына ортаншы тыныс белгісі –
4 Салиева Н. Бессоюзные сложные предложения в современном казахском языке: автореф. дис- сертации к.ф.н. – А., 1991.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Тіл құрал, сөйлем жүйесі мен түрлері. ІІІ Тіл танытқыш құрал.
– А., 1992. – 300 б.
үтір қойылады деп Ат болдырды, ел көрінбеді. Екі сартқа бір тартар, ақ- қуды батырекең атар деген сөйлемдерді атап отыр6.
Н.Т. Сауранбаев іргелес құрмалас сөйлемдер деген атауды құрмалас сөйлемдердің қалыпты бір ұйымдасу ережесі бар грамматикалық түрін та- ныту үшін қолданған7.
Н.Т. Сауранбаев жалғаулықсыз құрмалас сөйлем, іргелес құрмалас сөй- лем деген екі атау бар екенін жəне өзі соңғы іргелес құрмалас деген атауды қалағанын дəлелдейді: «жалғаулықсыз деген атау жай сөйлемдер- дің іргелесіп құрмаласу тəсілін көрсетпейді. «Іргелесу» термині лайықты сияқты7.
Біз Н.Т. Сауранбаевтың бұл дəлеліне қосыла отырып, тағы бір дəлелді атағымыз келіп отыр. Философия, логика затты, құбылысты бойында жоқ сапа, белгі арқылы анықтауды дұрыс жол деп есептемейді. Зат, құбылыс, процестер бойында бар сапа, белгі негізінде анықталғаны дұрыс деп есеп- тейді.
Н.Т. Сауранбаев іргелес құрмалас сөйлемдерді бір тұлға ретінде тұтас- тырып тұратын интонациялық қалпы бар екенін де атайды.
Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы, Майбасар оның орынбасары болатын (М. Əуезов.)
Бұл келтірілген мысалда екі сөйлем бар: бірінші – Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы, екіншісі – Майбасар оның орынбасары болатын. Бұл екі сөйлем бір-бірімен мағына жағынан ұласып Құнанбай мен Майбасардың қызметі туралы күрделі ойды білдірген. Сыртқы фор- ма жағынан қарағанда бұл екі сөйлемнің арасын қабыстырып, байланыс- тырып тұрған ешбір дəнекер форма жоқ. Екі сөйлемнің баяндауышы да тиянақты қалыпта тұр. Сөйтсе де бұл екі сөйлем мағына жағынан ұласып, бір-бірімен байланысты болып тұр. Мұндағы екі сөйлем бір-бірімен дауыс ырғағы (интонация) арқылы құрмаласқан. Дағдыда əрбір жай сөйлемнен кейін дауыс бəсеңдеп барып тыныш отырады. Сөйтіп, қатар айтылған бірнеше жай сөйлемдердің арасы дауыстың тынуы арқылы бөлініп отыра- ды. Жоғарғы мысалды құрмаластырмай, яғни бірін-бірімен байланыстыр- май жай сөйлем түрінде айтсақ: «Құнанбай округті басқаратын приказдың бастығы. Майбасар оның орынбасары болатын» болып, екі сөйлем дара- дара болып ұғынылар еді. Ал, бұл сөйлем ешбір дəнекер формасыз мағына жағынан құрмаласып айтылғанда, екі сөйлемнің арасында дауыс тынбай- ды, үзілмейді, екеуі де демнің екі ағысымен жалғас айтылады. Бірінші сөйлемнен кейін дауыс сəл төмендеп бəсеңдейді, бірақ тынбайды. Бұдан кейін оған іле-шала екінші сөйлем көтеріңкі дауыстан басталады8.
6 Байтұрсынов А. Аталған еңбегі. – 300 б.
7 Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – А., 1946. – 26-33-б.
8 Сауранбаев Н.Т. Аталған еңбегі. – 32-б.
Осы аталған белгілеріне сүйеніп Н.Т. Сауранбаев іргелес құрмалас сөйлемге мынандай анықтама береді: «Мағына жағынан бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ аралары ешбір дəнекерсіз дауыс ырғағымен ғана тұтасып айтылған бірнеше жай сөйлемдердің тобын іргелес құрмалас дейміз»9. Бұл анықтамаға, іргелес сөйлемдердің ұйымдасу амалдарына қатысты мəселе кейін арнаулы тарауда айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |