Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет106/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118
Байланысты:
Шалабай

4-жұмыс.
Жүністің үстінен бір бет қып материал жіберді, ол 
шығар болса, бірсыпыра кісілер қараланбақ (Б. Майлин). Бала осы 
сөзді айтып болып, шешесінің зілімен Абайларды мұқатқандай 
кекесін жүзбен енді ғана күлді де, атының басын ірке беріп еді 
(М. Әуезов). Шаруаның жайы мынадай, реніш анадай болған соң, 
«оқимын» деп бекінген Қартқожаның үні өшті, тілі күрмелді, 
ойын тұман басты, іші-бауыры, өзегі өртелгендей болып, иығы 
түсіп, еңсесі салбырап кетті (Ж. Аймауытов). Зал жамырай қол 
соғып жіберді. Сірә, әділет аңсаған, жақсылыққа сусаған жұрт 
болуы керек, қол дүркіреп соғыла берген соң, Каменев тағы да 
қоңырау қағуға мүжбүр болды (Ш. Мұртазаев).
5-жұмыс.
Жазасы сол, Ыбырай құптамаса, ұстамасын екі 
бүлікті (М. Әуезов). Қартқожа ауылының бір баласын Жұмат 
деген бала ұрып жатқан соң, болысайын деп еді, Жұмат қарулы 
бала- желкеге қойып-қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын 
даладай қып қанатып кетті. Қартқожа жанталасып, мықшыңдап, 
тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, 


Қазіргі қазақ тілі
167
сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел келмеді. Сиыр 
далаға түнеп, жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. Төңірекке 
қарады да, күзетшінің даусы естілмеген соң, сызыла басып үй 
артындағы жарлауытқа таман аяңдады (Ж. Аймауытов).
6-жұмыс.
Аман атын жетелеп жақындап еді, аты осқырған 
соң, тұрып қалды (Ғ. Мұстафин). Қайраңның мөлдірлігі сондай- 
бетінде жүрген үйрек сүңгіп кетсе, су астында қайда бара 
жатқандығы көрініп тұрады (С. Мұқанов). Асқар айтып тұрғанда, 
Кошкиннің зәресі кеткені сондай- егер жер тесік болса, еніп 
кетер еді (С. Мұқанов). Бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы 
Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын (Ғ. Мұстафин).
Бөгде сөз және оны берудің жолдары
Жай сөйлем синтаксисін сөз еткенде болсын, құрмалас 
сөйлем синтаксисін сөз еткенде болсын, ондағы сөйлемдердің 
кімдікі екендігіне (кім айтқандығына), қандай жағдайда қалай 
айтылғанына мән берілген жоқ. Бірыңғай, белгілі бір адамға 
(автор не кейіпкер) тән сөйлемдер алынып, солардың құрылысы 
талданады. Ал сөйлеу үдерісі тек біржақты, бір адамның ғана 
сөзінен жасалмайды. Онда бірнеше субъектінің сөзі бір сөйлемнің 
құрамында араласып келетін жайттар да молынан кездеседі.
Кез келген ауызша не жазбаша сөз белгілі бір адамның (не бір 
адамның атынан сөйлейтін ұжымның) сөйлеу қызметінің жемісі. 
Сондықтан сөйлеуде адамның жеке басының ерекшеліктері, 
психологиялық және әлеуметтік болмысының сипаттары көрініс 
табады. Сол арқылы ол адамның ерекшелігін (кім екенін) танимыз 
(іс-әрекеті арқылы қалай танысақ, сөзі арқылы да солай танимыз).
Осыған байланысты сөйлеген сөздің мазмұны ғана емес, берілу 
тәсілі де (яғни сөйлеу формасы) мәнді болады. 
Қарым-қатынас жасау үдерісінде біз өз сөзіміздің ішінде 
бөгде адамның сөзін беру қажеттілігімен жиі кездесеміз. Сондай 
кезде, бір жағдайда, ол адамның сөзінің мазмұнын ғана емес, 
тұлғасын да айнытпай дәл беруге (сөздік құрам, грамматикалық 
құрылысын) ұмтылсақ, енді бір жағдайда мазмұнын берумен ғана 


Бердібай Шалабай
168
шектелеміз. Сөйлеу жағдайына қарай кейде бөгде адамның сөзін 
дәл беру міндетті болса, кейде міндетті болмайды.
Міне, осындай ерекшеліктерге сәйкес тілде бөгде адамның 
сөзін берудің жолдары, тәсілдері жасалып қалыптасқан. Ондай 
тәсіл негізінен үшеу: 1) тура, дәл беру тұлғасы (төл сөз); 2) жана-
ма беру тұлғасы (төлеу сөз) және 3) ортақтасып беру тұлғасы 
(ортақ төл сөз). Төл сөзді сөйлемдер бөгде сөзді дәл беру үшін 
құрылса, төлеу сөзді сөйлемдер бөгде сөздің тек мазмұнын 
беруге құрылған, ал ортақ төл сөз автор мен кейіпкердің сөзін 
ортақтастырып беруге арналған.
Төл сөз
Төл сөзді сөйлемдер екі бөліктен тұрады: бір бөлігінде, ол – автор 
сөзі, бөгде сөздің қайдан шыққаны, кімдікі екені берілсе, екін ші -
сінде – төл сөзде – бөгде адамның сөзі айнытпай беріледі. Мысалы:
– Уықтары қарына дейін алтын, жоғарғы жағы күміс білем! – 
деді Күреңкөз қожа.
– Жоқ, Қожеке, бізге ол ысыраптың лайығы жоқ қой... Әр түр лі 
сыр бояу ғой әншейін, – деп, Игілік сыпайы жауап берді (Ғ. Мүс.).
Төл сөздің екі түрі бар: «дәйексөз» түріндегі төл сөз, «диалог» 
түріндегі төл сөз. «Дәйексөз» түріндегі төл сөз көбіне ғылыми, 
саяси-публистикалық әдебиеттерде қолданылып, автор оны өз 
пікірін дәлелдеу үшін пайдаланса, «диалог» көркем шығармаларда 
екі немесе одан да көп адамдардың өзара сөйлесулері түрінде 
келеді. «Дәйексөз» негізінде тырнақшаға алынса, «диалог» 
сызықша арқылы белгіленеді. Мысалы: 
«
Әдеби тілдің тарихын 
айқындаудың қиын екені рас, – дейді проф. М. Балақаев. – Оның 
қиындығы әдеби тілдің нелерден құралатынын айқындаудың да 
қиындығынан тұрады 
(Ғылыми әдебиеттен)
– Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
– Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді 
көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар...
(Б.М).
Диалогтағы автор сөзінің қызметі негізінен мыналар: 1) біреу-
дің сөзі айтылды ма, не енді айтыла ма, немесе ойы түрінде бола 
ма – соны білдіру; 2) төл сөздің кімдікі екенін білдіру. Осыған 


Қазіргі қазақ тілі
169
бай ланысты автор сөзі әдетте төл сөздің кімге жататынын біл-
діретін (зат есім, есімдік) сөз бен сөйлеу, ойлау мағынасындағы 
сөзден тұрады («деді Күреңкөз қожа»). Одан басқа автор сөзінің 
ішінде төл сөздің кімге бағытталғанын, оның айтылуына бай ла-
нысты әр түрлі жағдайларды бейнелейтін сөздер де тұруы мүм кін. 
Мысалы: 1) 
Мағауия Көкбайға қарап: – Көке-ау, оны ай тасың, 
тіпті бар өлеңін өзі алып қойғанын қайтесіз! – деді (М.Ә).
2) Шұбар ақын мұң шаққандай болып: – Тәуір, жаманын 
қайдан білейін. Әйтеуір былай бір «Сегіз аяқ» деген жаңа 
уәзіңді бір өлең жазып апарып көрсетіп ем, «Сегіз аяқ» былай 
жазылмайды, мұны мен жазамын деп алып қойды-ау шалың! – 
деп қыжылана күледі 
(М.Ә).
Автор сөзінің төл сөзге қатысты орналасу реті мынадай:
1) алдыңғы шеп (автор сөзі: төл сөз); 2) кейінгі шеп (төл сөз, 
- автор сөзі); 3) ортаңғы шеп (төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз);
4) аралас шеп (автор сөзі: төл сөз, - автор сөзі).
Бұл орналасу реттерінің әрқайсысы автордың көздеген мақ-
сатына, нені қалай айтқысы келетініне, сөйлеу, жазу мәнеріне, т.б. 
жағдайларға байланысты.
Төл сөздің құрамы, құрылысы, модалдік, шақтық белгілері, 
интонациясы әр түрлі болады. Оның құрамында әр алуан қарат-
па, қыстырма, одағай сөздер, тағы да басқа жанды сөйлеу тілі не 
қа тысты элементтер қолданыла береді. Сөйлем түрлері де мақ са-
тына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып келеді.
Төл сөз бен автор сөзін негізінен «де» көмекші етістігі байла-
ныс тырады.
Төл сөздің өзіне тән тыныс белгілері де бар. Ол төл сөздің 
мағынасына, автор сөзіне қатысты орналасу ретіне байланысты 
болады. 
Раушан күрсінді. Шелегін теңселтіп тұрып:
– Қайнаға, шыңызды айтыңызшы, мал алуыңыз рас еді ғой! 
– деді. 
– Сенің онда нең бар? – деп Бәкен ежірейе қарады.
– Келін менің сөзіме түсінбей тұр, – деп Дәмесін кеңкілдеп күлді.
– Жоқ, қайнаға, түсініп тұрмын.
– Ендеше, несін сұрайсың, мөріңді бас та бер, – деп Бәкен 
тағы кірісті
(Б.М).


Бердібай Шалабай
170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет