Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет107/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Төлеу сөз
Төлеу сөз – бөгде сөзді берудің өзіндік бір тәсілі, мұнда бөгде 
біреудің сөзі төл сөздегідей ерекшеленбейді, ал автор сөзімен 
бірігіп, бір құрылым бойында өзгертіліп беріледі. «Біреудің сөзі 
автор сөзімен логика-грамматикалық жақтан толық ұласып, 
мағыналық-интонациялық бірлік құрайды» (А. Әбілқаев). Төл 
сөз бен төлеу сөз сөйлеуші адамның не жазушының өз сөзі ішінде 
басқа біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тәсілі. Мысалы, 
Төл сөз: 
– 
Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға
(Б.М.). 
Төлеу сөз:
Шұға аттан түсіп жатқанның кім екендігін сұрады. 
Олардың арасындағы айырмашылықтар:
1) Төл сөзде сөйлеуші я жазушы басқа біреудің сөзін ешқандай 
өзгеріссіз келтірсе, төлеу сөзде автор өз сөзімен өзгертіп береді.
2) Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді 
және ол екеуінің жігі айқын ажыратылады. Төлеу сөзде автор 
сөзімен араласып тұлғалық өзгеріске ұшырауы арқылы онымен 
тығыз байланыста тұрады.
3) Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері (хабарлы, 
сұраулы, бұйрықты, лепті) болады, төлеу сөзде олардың барлығы 
хабарлы сөйлемге айналады
4) Төл сөзде эмоциялық-экспрессивтік, модалдік ерекше лік-
тер сақталады, төлеу сөзде олар болмайды, эмоциясыз бейтарап 
мәнде жұмсалады.
5) Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан да ерекшеленеді: 
төл сөз үш жақта да қолданылса, төлеу сөз тек үшінші жақта 
айтылады.
6) Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің бастауышы 
төлеу сөзде ілік жалғаулы анықтауышқа, ал баяндауышы табыс 
септік жалғауын жалғап не туралы, жөнінде, жайында шы лау-
ларын тіркестіріп толықтауышқа айналады. Мысалы: «Асқар 
Алматыға кетті, – деді әкесі. Әкесі Асқардың Алматыға кеткен-
дігін (кеткендігі жөнінде) айтты.»
Ортақ төл сөз
Бөгде сөзді берудің үшінші бір тәсілі ортақ төл сөз деп атала-
ды, ол көркем әдебиет тілінде және ішінара публицистикалық 


Қазіргі қазақ тілі
171
шығармалардың тілінде кездеседі. Ортақ төл сөздің сыртқы 
құрылымы автор сөзіне ұқсас, өйткені сөз мазмұны кейіпкердікі 
болғанмен, ол төл сөздегідей автор сөзінен ерекшеленіп тұрмайды. 
Баяндау үшінші жақпен беріледі, алайда кейіпкер сөзінің 
кейбір лексика-грамматикалық, интонациялық ерекшеліктері 
сақталады. Бұл – көркем әдебиеттегі кейіпкерлерді сипаттаудағы 
ерекше тәсіл. Ортақ төл сөздің көмегімен жазушы өз кейіпкерінің 
ойлау, сезіну ерекшеліктерін береді, яғни өз баяндауының ішінде 
кейіпкерлерге тән ойлау, сөйлеу ерекшеліктерін кіргізіп, сол 
арқылы кейіпкердің мінез-құлқын ашады. Мысалы: 
Бәкен осыны ойлап, бетті үйге қарай түзей берейін дегенде, 
Күлипа бұрқыратып тағы бір хабар жеткізді:
– Масқара болыпты: келінді болыс шақыртып жатыр дейді; 
келсін деп айтыпты дейді, оңаша сөйлесетін сөзім бар деп 
айтыпты, – дейді...
Күлзипаның «дейдісі» біте ме, «дейдісінің» аржағы бұрқырап 
жатқан өсек, көбін тыңдаудан түршігесің...
«Шақыртуы мүмкін. Бірақ маған айтпай қалай кете қояр 
екен?.. осыны сылтау қылып тағы келмес пе екен?» деп өзі келгелі 
отырған Бәкен кенет екінші ойға түсті. Осы ойын өзі қуаттап, 
екі көзі есікте болып, Раушанды күтті де отырды.
Кеш болды. Шам жағылды. Солаңдап жүрген бірен-саран 
қыдырмалар, бірі келеді, бірі кетеді... бірақ Раушан жоқ!
Соңғы абзацтан басқасы автор сөзі мен төл сөзден құралған 
сөйлемдер, ал соңғы абзац ортақ сөзге жатады, өйткені автор сөзі 
мен кейіпкер ойы бірігіп бір құрылымда беріледі.


Бердібай Шалабай
172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет