Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет108/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Мәтін синтаксисі
Күрделі синтаксистік тұтастық
Сөйлем мен сөз тіркесі – синтаксистің маңызды бірліктері 
еке ні белгілі. Сонымен қатар тілдің жанды қызмет ету аймағына 
қатысты алғанда, сөйлемдердің өзара мағыналық және құрылым-
дық жағынан тығыз байланысқан күрделі топтарын зерттеудің 
маңызы өте зор.
Сөз тіркестерін сөйлемді құрайтын құрылымдық материал 
ретінде алып қарайтын болсақ, сөйлемдерден бүтін бір тұтас шы-
ғарма жасалады. Әдетте, кейбір жағдайды ескермегенде, өз ара 
қарым-қатынас жасау үдерісінде белгілі бір мазмұн, идея жеке 
сөйлеммен беріліп қоймайды. Олай болған жағдайда қарым-
қатынас жасау үдерісі үзіліп қалған болар еді. Сондықтан ой алысу 
үдерісі мейлі ауызша түрде болсын, мейлі жазбаша түрде болсын 
(ғылыми еңбек те, көркем шығарма да ой алысу) жеке сөй леммен 
шектелмей, ондаған, жүздеген, мыңдаған сөйлемдер тобы арқылы 
жүзеге асады. Ол сөйлемдер өзара байланыссыз шым-шытырық, 
тәртіпсіз орналаспайды, мағыналық жағынан тығыз жымдасып
жеке бір сүбелі ойлар төңірегіне топтасып тұрады. Әрбір жеке 
сөйлем мағыналық не құрылымдық жағынан оқшауланып қалмай, 
сондай күрделі бірліктер тобына қатысты болып келеді.
Сонымен, кез келген тұтас сөйлеу өзара тығыз байланысқан 
сөйлемдердің топтарына жіктеледі. Ондай сөйлем топтары жеке 
сөйлем мен тұтас шығарманың арасын жалғастырушы бірліктер 
қызметін атқарып тұрады. Міне, осы бірліктерді 
күрделі син так-
систік тұтастықтар 
дейміз.
Күрделі синтаксистік тұтастық кем дегенде екі сөйлемнен құра -
лады. Олар мағыналық бірлікте болып, күрделі бір ой төңіре гіне 
топтасып тұрады. Әрбір күрделі синтаксистік тұтастық бір-біріне 
салыстырмалы түрде бағынышсыз болып келсе, күр делі син так-
систік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер олай емес, бел гілі бір лекси-
калық және синтаксистік тәсілдер арқылы тығыз жым дасып келеді.
Күрделі синтаксистік тұтастық категориясын зерттеудің 
құн ды лығы сонда, бұл арқылы біздің синтаксистің көптеген 
мәселеле ріне ең алғашқы көзқарасымыз өзгеріп, көптеген ұғым- 


Қазіргі қазақ тілі
173
түсі ніктеріміз кеңейіп, оларға жаңаша тұрғыдан қарайтын бола-
мыз. Мысалы, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықтың бөлше-
гі ретінде алып қарайтын болсақ, онда сөйлемдегі сөздердің орын 
тәртібі, интонациясы деген мәселелерге де жаңаша тұрғыдан 
қараймыз. Өйткені бұлар сол сөйлемнің көршілес сөйлемдермен 
байланысы арқылы анықталып отырады.
Шындығына келгенде, біздің мәнмәтіннен бөліп алып тал-
дайтын сөйлеміміз – өлі сөйлем. Кез келген сөйлем өзінің түр-
лі мән-мағынасын, рең-құбылысын, эмоциялық бояуын, ырғақ-
тық-интонациялық құрылымын тек сол күрделі синтаксистік 
тұтастықтың құрамында ғана алады. Сондықтан тілдің көптеген 
мәселелерін ашып зерттегенімізде, сөйлемді күрделі синтаксистік 
тұтастықтың бөлшегі ретінде алып қараудың мәні зор.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет