Қалай ғана ол жалпақ әлем мені зеріктірді дейді! Қа лай ғана адамдар бір-бірінен айырмасыз деп ойлайды? (газеттен).
Бұндай параллельді байланыс түрлері, көбінесе, публицис ти-
калық стильге және өлең сөздің құрылымына тән.
Параллельді байланыс тілімізде алғаш пайда болған. Қазақ ауыз
әдебиетінің шығармалары, фольклор үлгілері, мақал-мә тел дер, жұм-
бақтар, жаңылтпаштар параллельді байланыс түріне құ рыл ған.
Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастық – синтаксистің сөз
тіркесінен және сөйлемнен ірі бірлігі. Оны зерттеу арқылы сөй-
лем синтаксисінің қыр-сыры жан-жақты ашыла түседі.
Күрделі синтаксистік тұтастық тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмалар Тапсырма, сұрақтар: 1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың белгілерін атап, анықтамасын
айтыңыз. 2. Сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші амал-
тәсілдер қандай? 3. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымы қандай
бөліктерден тұрады, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. 4. Күрделі синтаксистік
тұтастықтың түрлері қандай? 5. Күрделі синтаксистік тұтастықтың түрле рі-
не мысалдар (қысқа шығарма, эссе, очерк түрінде) құрастырыңыз.
Әдебиеттер: 1.
Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық//
Қазақ тілі мен әдебиеті. Екінші кітап. Абай атындағы Қазақ педагогикалық
институты. – Алматы, 1975. 109-115-б.
2.
Сыздықова Р., Шалабай Б., Әділова А. Көркем мәтінді лингвистикалық
талдау. – Алматы, 2002.
3.
Құрманова Н.Ж., Мехлис К. Текст теориясы және текст талдау
әдістемесі. – Алматы, 2000.
4.
Ахметова М.К. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2010.
5.
Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2010.
6.
Әбікенова Г.Т. Көркем шығармадағы мәтінтүзілім мәселелері. –
Семей, 2010.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 737-745-б.