Қазіргі қазақ тілі
183
кеткенін екінші, үшінші біреулері толықтырып абыр-сабыр болып
жатыр еді: кенет бір әйел
Ақбаланың әңгімеге араласпай, оқшау
шетте
қоқырайып отырғанын көріп, қасындағы бір әйелді түртіп
қалды. Ол арғы жағындағы бір әйелді түртіп қайсысы қай сысын
кінәларын білмей бір-біріне қарап ернін тістеп, беттерін бір-бір үзіп
алды: басқа кезде болса бір сәрі; бетім-ау, масқара-ау, енді не бетімді
айтайын. Қазіргідей артынан ырғап-жырғап, әке-ше шесі келе жат-
қан келіншектің қабағын құрттай кірбең шалғаны да күпірлік қой.
Сұмдық қой. Иә, иә, бұдан асқан сұмдық бола ма. Келіншектер ке нет
бәрі бірдей үркіп қап көйлектерінің етегі дүр кірей түрекелді. Бәрі бір
дәнге үймелеген ерекше сайрауық құстар сияқтанып жабырлап кеп,
Ақбаланы орталарына ала үйме-жүйме боп отыра қалды.
Достарыңызбен бөлісу: