Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет27/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118
жай 
және 
құрмалас 
болып жік-
теледі. Сөйлемде бір предикативтік орталық болса – жай сөйлем, 
екі не одан да көп предикативтік орталық болса, құрмалас сөй-
лем. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне келетін болсақ
олар алдымен предикативтіліктің (баяндау мазмұнының) мы-
надай басты екі жүйеде берілу сипатына негізделеді: сөй лем дер 
бірде сөздердің тұлғасы мен жұмсалу орны жағынан ерек шеле-
ніп, бір-бірімен тікелей қатынасқа түсіп, олар сөйлем құра мын-
да белгілі синтаксистік қызмет атқарып, яғни сөйлем мүшесі 
қызметінде қолданылуына қарай қалыптасса, бірде сөздер дің 
басқа сөйлемдермен тікелей қатынасқа түсіп не сөйлеу жағдая-
тына қатысты болып, сөйлем қызметінде қолданылуына қарай 
қалыптасып отырады. 
Самал жел. Тас қайрақ жол. 
М-ка сынапша ағып келеді
(Ғ. Мұстафин).
 ...Біреуі Рақиланың тұсынан өте беріп:
– Амансыз ба, қарындас? – деді.
Рақила күлімсірей түсіп:


Бердібай Шалабай
50
– 
Шүкір!
 – деп, ернін жыбырлатты 
(Б. Майлин).
Мәтіндегі асты сызылмаған сөйлемдер предикативтіліктің 
бірінші берілу жүйесі бойынша, асты сызылған сөйлемдер екінші 
берілу жүйесі бойынша құралған. 
Бірінші топтағы сөйлемдер белгілі бір синтаксистік мүше 
– құрамды болады. Басқаша айтқанда, ондағы сөздер тұрлаулы-
тұрлаусыз белгілі бір мүше қызметінде жұмсалып тұрады. 
Сөйлемнің жалпы мазмұны солардың қатынасы арқылы 
айқындалады. Ал екінші топтағы сөйлемдерде ондай мүшелік 
қатынастар болмайды. Бұл сөйлемдер сөйлем жағдаяты мен мән-
мәтін арқылы қалыптасып жұмсалады да, тұтас бір мағыналық-
құрылымдық сөйлем типі ретінде анықталады. Соған орай маз-
мұны жалпыланған арнаулы мағынада беріледі.
Міне, осы айтылған жайлар ескеріліп, жай сөйлемдерді ал-
ды мен синтаксистік 
мүше-құрамды сөйлемдер 
және синтак-
систік мүше-
құрамды емес сөйлемдер 
деп бөліп алған жөн 
(О.Төлегенов). 
Мүшеленетін жай сөйлемдер предикативтік қатынасты білді-
ретін тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрамындағы қатысына қарай: 
екі құрамды, бір құрамды сөйлемдер 
болып екі топқа жіктеледі.
Екі құрамды сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштың ара-
қатынасы арқылы жасалады. Олардың грамматикалық құры лы-
мы бастауыш пен баяндауыштың арақатынасында қалыптасу 
ерекшелігіне негізделеді. Мыс., 
«Бізде үлкен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет