Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет29/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118
Жақсыз сөйлем
Алдымен «жақсыз сөйлем» деген атауға байланысты. Шын-
дығында, тек баяндауыш арқылы құралатын сөйлем түрлері де 
жақтық мағынада айтылады. Жақсыз сөйлемде баяндалатын жай 
не бірінші, не екінші, не үшінші жаққа, не үш жаққа да бірдей 
қатысты болып тұрады. Мыс., 
1. Осы аз күн ішінде Оязбен менің жауаптасуым мүмкін 
(М.Ә.). (І жақ).
2. Сенің бұлайша ойлауыңа мүмкін емес еді (С.М.) (ІІ жақ).
3. Жоспардың орындалуы керек (Б.М.). (ІІІ жақ).
4. Бұл жөнінде адам еңбегін жыр қылып айтуға болар еді 
(Ғ.М.). (Үш жаққа да бірдей қатысты).
Сондықтан мұндай сөйлемдерді «жақсыз» деу шартты, алай-
да, бастауышы жоқ сөйлемдерді о баста тіл білімінде осындай 
терминмен атап кеткен. Атау мен оның мағынасы арасындағы 
қайшылықты ескерген болса керек, О. Төлегенов жақсыз сөйлем-
ді «жанама жақты» сөйлем деп атайды. 
Шын мәнінде, жақсыздық категориясы мынадай мағынаны 
білдіреді: іс-қимылдың не жай-күйдің субъектінің еркіне бай-
ла ныссыз тууы. Мыс., 
«Таң атты». «Ымырт жабылды». «Қас 
қарайды».
Қазақ тілінде бірен-саран осындай түйдекті тір-
кестерде ғана жақсыздық мән бар. Ал басқа жайдың бәрінде де 
істі орындаушы субъектісі, иесі болады. Орыс тілінде жақсыз 
сөйлем жасайтын арнаулы жақсыз етістіктер бар
: «стемнело», 
«не спится». 
Ал қазақ тілінде ондай грамматикалық тұлғалар 
жоқ. Жақсыз сөйлемнің баяндауыш тұлғалары жақты сөйлемнің 
баяндауыш тұлғаларымен бірдей деуге болады.
Жақсыз сөйлемде айтылатын ой баяндауыш арқылы ғана 
қалыптасып, жарыққа шығады. Сөйлемдегі баяндауыш арқы-
лы жүзеге асатын іс-қимылдың субъектісі бастауыш арқылы 


Бердібай Шалабай
54
берілмейді. Сондықтан жақсыз сөйлемде атау тұлғасында тұрып 
«кім», «не» сұрағына жауап беретін бастауыш болмайды және оны 
баяндауыш формасы арқылы тауып алу да мүмкін емес. Мұ ның 
себебі баяндауыштың бастауышпен қиыса байланысу қабілеті 
болмай құрылуында. Баяндауыш тұлғасы әрқашан жекеше 
3-жақта ғана тұрады. Жақсыз сөйлемдер бастауышы болмай, бір 
тұрлаулы мүшеден – баяндауыштан ғана құралатындықтан, оның 
түрлері баяндауыш құрылысына қарай жіктеледі. Егер әдеби 
тіліміздің дамуының ертерек дәуірінде жақсыз сөйлемнің рөлі 
онша болмаса, осы күнгі әдеби тілімізде жақсыз сөйлемнің түр-
түрі сараланып, жиі жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет