Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет30/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Жасалу жолдары (түрлері):
І. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болады да, оның 
құрамында «бол» көмекші етістігі келеді.
Жақсыз сөйлемнің бұл түрі күрделі баяндауыш құрамындағы 
негізгі компоненттің тұлғалық өзгерістермен түрленуіне бай-
ланысты модальдық мағыналарға да бай болып келеді. Сөйлемдер 
болымды істі де, болымсыз істі де, сұраулық мәнді де көрсете 
алады. Сонымен қатар, істі істеуге болатынын не болмайтынын 
тұжырымдап айту, болжай айту, мүмкіндігін не мүмкін еместігін, 
істің орындалуы қажетті шарт екенін, істі жасауға не істемеуге 
мұқтаждықты тағы басқа модальдық мәндерді білдіреді.
1) «Бол» көмекші етістігі барыс септігіндегі тұйық етістікпен 
тіркесіп келеді:
Сізге асықпай ұйықтап тұруға болады (Ғ.М.).
Қуанышты жасыруға болмайды (С.Ерубаев).
Барыс жалғаулы тұйық етістік тәуелденіп те келеді: 
Менің 
айтуыма болмай қалды ғой» (М. Иманжанов).
Баяндауыштың негізгі компоненті тұйық етістікпен сино ним-
дес: -«с» тұлғасында да келеді:
Шаруашылық, әлеуметтік, халықтық қамдарды ойламасқа 
болмайды (М. Әуезов).
2) «Бол» көмекші етістігі -ып, -іп, -п, -й тұлғалы көсемше-
лермен тіркесіп келеді: 
Күн қай мезгілге жеткенінін біліп бол-
майды (М.Ә).
Қамарға да кінә қойып болмайды (С.Торайғыров).
Балаларды оқытпай болмайды ғой (С.Көбеев).


Қазіргі қазақ тілі
55
3) Негізгі етістік есімшенің –ар// -ер, -р, -с тұлғаларда келеді: 
Жау берілмесе, оны құртар болар (М.Горький).
Өзі берген білімін Отан бақытынан аямас болар
(С. Шаймер денов).
4) Баяндауыштың негізгі компоненті шартты райдың 3-жа-
ғында тұрады: 
Жерді тыңайтпаса бола ма? (Ғ. Мұстафин).
ІІ. Жақсыз сөйлемнің күрделі баяндауышы –у, кейде –мақ, -мек 
тұлғалы тұйық етістік пен «керек» сөзінің тіркесінен жасалады: 
Білмегенді сұраудан арланбау керек (Ғ. Мұстафин). Залалынан 
қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын 
білмек керек (Абай).
Тұйық етістік тәуелденіп те келеді: 
«Сонда, менің ауданға 
баруым керек пе?» (М.Иманжанов). 
Мұндай жағдайда қимыл 
субъектісін білдіретін сөздің ілік жалғауы кейде түсіп қалады: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет