Қазіргі қазақ тілі
21
(4) (5)
атына жеккен – (барыс сеп. синтетикалық); 3 тж (3) – Ет.ес;
меңгеру; жанама объектілік.
(5)
(6)
Жеккен арбамен –орын тәртібі (аналитикалық); Ет.ес. – 3;
қабысу; атрибутивтік (қимыл-сын).
(6)
(7)
арбамен жүріп кеттік – көмек.сеп. (синтетикалық); (3) – Ет.
(ашық рай, ж.ө.ш.); меңгеру; объектілік (құралдық).
1-жұмыс.
Қарағандының қары биыл бұлқан-талқан күрт
еріп еді. Сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері са-
қыл дап тасығалы кемерлеп тұр. Өкпек жел күртік етектерін
түре соғып, тез кеміріп барады. Қатты желдің салмағынан жер
солқылдағандай сезіледі. Қырқалардың күнгей беттері қотыр
болғандай шұбартып қалыпты. Қыс бойы қар астында жылы
жатқан тобылғы мен қараған түптері қазір белдеулеп ашылып
қалыпты да, кәрлі желден дір қағып тұр (Ғ. Мүсірепов).
2-жұмыс.
Боқырау өтіп, күзектегі ел күземін де алып болды.
Қыстауға қайта көшетін күндер де жақын. Бірақ күз суық болмай,
күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр... Қоңыр
күзде малдың тойыны күннен-күнге асқындап барады. Шаруа мұ-
ңын ойлаған ауылдар сол күйге сүйсіне түседі. Кішілеу, ша ғын үй-
дің ішіне айнала текемет, түскиіз, түкті кілем ұсталған (М. Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: