Бердібай Шалабай
22
5-жұмыс.
Бөлкебайлар қара жолдан бұрылып бір ауылға төніп
келгенде, ұзынша томардың күнбатыс жақ мүйісіндегі он шақты
үйдің адамдары біртіндеп өріп тысқа шыға бастады. Ортадағы
қоңыр төбел үйден төрт-бес жігіт самсап шыға келді. Күнге қарай
қолымен көзін көлеңкелеп, кемпір-шалдар да
бұларды таңсық
көргендей, қарасып жатыр. Бәрінің де көзі жолдан бұрылған
арбалыда. Арбалы томарды жағалайтын жіңішке жолға түскен
де, бірен-саран сақ иттермен қабаттаса бұзау бағып жүрген жас
балалар алдынан шығып, бірдеме десіп жатты (Б. Майлин).
6-жұмыс.
Хансұлу үшін
қыстың көңілсіз, сұрқай күндері
басталды. Маңдайынан кісі шертіп көрмеген ерке қыз басына
түскен жайды сазарып үнсіз көтерді... Кеш болса, Әзберген екеуі
оңашаланып алып керілдеседі де отырады. Ауғанстан, Иран
деген дерді жиі айтады. Шешесінде үн жоқ. Қыстауға қонысымен
бұның жасауын дайындауға кірісті (С. Елубаев).
7-жұмыс.
Алтынжарға жиналғандар
ауыл көлеміне сыймай
кетті... Ұлы күйшінің есімі елімізге кеңінен танылды... Төлеген
әңгімесін тебірене аяқтады (Р. Иманғалиев). Қайырдың әзіл-күлкі
үшін айтылған қалжыңын Мүсілім қолпаштау деп ұқты. Бас
инженер аяңдап жарық көшемен жүріп келеді (З. Шашкин).
Достарыңызбен бөлісу: