Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет18/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118
Қазіргі қазақ тілі
33
бар) (А.А.Потебня), не екі тұрлаулы мүшенің бір тұрлаулы 
мүше бойында функционалдық жағынан бірігуімен түсіндірді 
(А.А.Шахматов).
Одан әрі қарай синтаксис ілімі сөйлемнің жалпы коммуни-
кативтік мәнін ескере отырып, оның грамматикалық белгілерін 
анықтау жолымен дамыды. Мысалы, В.В.Виноградов: «Сөйлем 
– тілдің өз заңдылықтары бойынша грамматикалық тұрғыдан 
ұйымдасқан біртұтас сөйлеу бөлшегі, ол – ойды қалыптастырудың, 
бейнелеудің және хабарлаудың басты құралы», – деп ой түйеді.
Сөйлем – ойды, сонымен қатар сезім, тілекті бейнелеуге қыз-
мет ететін грамматикалық ұйымдасқан ең кіші тұлға-бір лік деп 
анықтау қазіргі кезде кең тараған көзқарас. Мұндағы граммати-
калық ұйымдасқан деген ұғымға сөйлемнің негізгі белгілері: 
пре дикативтілік, модальділік және интонациялық аяқталғандық 
туралы түсінік кіреді. 
Мұндай анықтауларда сөйлемнің мазмұндық сипатына көңіл 
аударылады. Сөйлемнің ондай мазмұнды белгісіне предика тив ті-
лік жатады.
Предикативтілік ұғымына сөйлемнің хабарланған жайды 
үш шақтың (осы, өткен, келер шақ) біреуінде нақты іске асуын 
көр сететін грамматикалық қасиеті не хабарланған жайдың мүм-
кіндігін, қажеттігін ғана білдіре алатындай қасиеті енеді.
Мысалы: 1. Марат кітапханаға келе жатыр.
Марат кітапханаға келді.
Марат кітапханаға ертең келеді.
2. Марат кітапханаға келетін шығар.
Мараттың кітапханаға келуі мүмкін.
Мараттың кітапханаға келуі тиіс.
Алдыңғы мысалдарда үш шақтың біреуінде нақты іске аса-
тын жайлар, соңғы мысалдарда іске асуы мүмкін ғана жайлар 
баяндалған.
Сөйлемнің жоғарыдағыдай грамматикалық мағыналарын 
ха бар-
ланған жайдың шындыққа қатынасы
деген жалпы атаумен бе руге 
болады. Міне, осы қатынас грамматикада 
модальділік 
деп аталады.
Жоғарыда көргеніміздей, модальділік ұғымы шақтық мағы-
намен ажырамас бірлікте қабылданады. Синтаксистік катего рия-
лардың (модальділік пен синтаксистік шақ) осы жиынтық кешені 


Бердібай Шалабай
34
– 
предикативтілік 
болып табылады. Модальділік пен синтаксис-
тік шақ мағыналарын жалпыласақ, хабарланған жайдың шын дық-
қа жалпы қатыстылығы шығады. Демек, 
предикативтілік 
деге-
німіз – хабарланған жайдың шындыққа жалпы қатыстылығын 
белгілейтін грамматикалық категория. Ал жалпы қатыстылық өз 
ішіне хабарланған жайдың белгілі уақыт ішінде (синтаксистік 
шақ) өтуін және хабарланған жайдың шындыққа қатысын 
(модальділік) кіргізеді.
Сонымен, сөйлем модальділік және синтаксистік шақ кате го-
рияларына ие. Ол категориялар ажырамас бірлік құрайды және 
ол 
предикативтілік 
делінеді. Ол барлық сөйлемдерге тән және 
сөйлемді басқа синтаксистік бірліктерден (мыс, сөз тіркесінен) 
айыратын белгі ретінде танылады.
Модальділік, синтаксистік шақ, демек, предикативтілік 
те арнайы тілдік құралдардың көмегімен бейнеленеді. Ондай 
құралдарға қазақ тілінде етістіктің рай, шақ тұлғалары, кейбір 
арнайы тұлғалар жатады. Мысалы:
Бала оқиды. Бала оқыды. Бала оқып жүр. Бала оқыса екен. 
Бала оқи берсін. Бала оқуға тиіс.
Етістіксіз құралған сөйлем болса, онда сөйлем мағынасы 
осы шақта жүзеге асқан, белгілі бір оқиға шындығы жөнінде 
жалпы мағынада ұласып беріледі. Мысалы: 
Түн салқын. Жаңбыр. 
Қараңғылық.
Хабарланған жайдың шындыққа қатынасы түріндегі модаль-
діліктің жалпылама мағынасынан өзге, сөйлемде айтушының 
хабарланған жайға қатысы түріндегі мағына да болуы мүмкін. 
Модальділіктің алғашқысы – объективті модальділік делінсе, 
соңғысы – субъективті модальділік делінеді. Субъективті мо-
даль ділік қосымша лексика-грамматикалық және интона циялық 
амалдармен беріледі. Мысалы: 
Оспан келеді
(хабарланған жайдың 
шындығы жөнінде жалпы мағына) – бұл объективті модальділік). 
Оспан, әрине, келеді; Оспанның келуі мүмкін 
(хабарланған жайдың 
сенімді не орындалуы мүмкін шындығы жөнінде мағына), бұл – 
субъективті модальділік).
Сөйлемнің келесі басты белгісі – интонациялық тиянақтылық, 
аяқталғандық. Сөйлемнің жалпы алғанда мынадай интонациясы 
бар: хабарлау интонациясы, сұрау интонациясы, бұйыру, іске қосу 


Қазіргі қазақ тілі
35
интонациясы. Жеке пландағы интонациялар (жоғарыдағы негізгі 
интонацияларға қосалқы болып келеді) – сенімділік, таңырқау, 
болжамдық, т.б. интонациялары. Негізгі интонациялар сөйлемнің 
жалпы коммуникативтік мақсатына байланысты болады, қосалқы 
интонация сөйлемнің нақты лексикалық құрамына байланысты 
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет