Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет12/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118
8-жұмыс.
Кеше ғана еңбекпен тұрғызған мекен-жайлар, міне, 
енді күтір-күтір, күрс-күрс құлай бастады. Бұл жігіттің сөзіне 
мен әрі кейіп, әрі ойланып қалдым (С. Шаймерденов). Елдің ән-
сауығын сағынған Асқар бар ынтасымен сүйсініп тыңдайды. Бір 
мезгілде мүйістен үш адам шықты. Тұнық көшеде сөздер саңқ-
саңқ естіледі. Мен бүгін ақырғы рет күшімді сынап тұрмын
(З. Шашкин).
Сөз тіркесі
1. Зерттелу тарихы. Сөз тіркесін анықтап, оның мәнін түсінуде 
әлі бірізділік жоқ. Сөз тіркесі туралы ілім орыс тілі білімінде өте 
күрделі, қарама-қайшылықты дамыды.
Сөз тіркесі деп бір кезде толық мағыналы сөздердің кез 
кел ген грамматикалық және мағыналық жағынан ұйымдасқан 


Қазіргі қазақ тілі
23
тіркесі алынды; олардың формалары мен сөйлемдегі қызметіне 
мән берілмеді. Ондай жағдайда сөйлем де сөз тіркесі деп қарал-
ды (Ф.Ф. Фортунатов, А.М. Пешковский, М.Н. Петерсон, т.б). 
Синтаксис сөз тіркестерін зерттейтін ғылым деп танылды.
Ф.Ф. Фортунатов: «Словосочетанием в речи я называю 
то целое по значению, которое образуется сочетанием одного 
полного слова (не частицы) с другим полным словом, будет 
ли это выражение целого психологического суждения, или 
выражения его части... В тех случаях, когда словосочетание 
является полным предложением в речи, отношение одного 
предмета мысли к другому открывается в психологическом 
суждении, выражающимся в этом словосочетании, как в полном 
предложении», – десе, 
А.М. Пешковский:
«Словосочетание есть 
два слова или ряд слов, объединенных в речи и в мысли», – деп 
айтқан (Русский синтаксис в научном освещений. – М., 1956).
А.А. Шахматов та сөйлемді сөз тіркесі деп санайды, бірақ 
жоғарыдағылардан өзгешелігі: ондай тіркестерді (сөйлемді) 
аяқталған сөз тіркесі дейді. «Словосочетанием называется такие 
соединение слов, которое образует грамматическое единое 
обнаруживаемое зависимостью одних из этих слов, от других». 
Аяқталмаған сөз тіркестерін: 
бағынышсыз (независимые) сөз 
тіркестері,
(бастауыш, баяндауышты және атаулы сөйлемдер) 
және 
бағыныңқы сөз тіркестері 
(зависимые) – деп екіге бөледі.
В.П. Сухотин 
сөз тіркесін: «минимальное грамматическое и 
смысловое единство в составе предложения, отражающее связи 
реальной действительности», – деп түсінеді. Мұнда сөз тіркесі 
сөйлемнен бөлек алып қаралады.
В.В. Виноградов 
сөз тіркесі ұғымы мен сөйлем ұғымын бір-
бірінен ажыратады. Бұл айырмашылық олардың атқаратын 
қызметіне негізделген: Сөйлем – коммуникативтік тұлға да, 
сөз тіркесі – номинативтік (атаулық) тұлға. Сондықтан ол: 
«Словосочетание и предложение – понятия разных семан ти-
ческих рядов и разных стилистических плоскостей. Они соот-
ветствуют разным формам мышления. Предложение – вовсе 
не разновидность словосочетания, так как существует и слова 
– предложения. Но оно и по внутреннему существу своему, по 
своим конструктивным признакам непосредственно не выводимо 


Бердібай Шалабай
24
из словосочетания. Понятие словосочетание в своем содержании 
не заключает никаких грамматических признаков, которые ... 
ука зывали бы на законченность сообщения. Словосочетание 
только в составе предложения и через предложение входит в сис-
тему коммуникативных категорий речи, средств сообщения. Но 
оно относится так же, как слово, и к области «номинативных» 
средств языка, средств обозначения. Оно так же, как и слово, 
пред ставляет собой строительный материал, используемый в 
про цессе языкового общения. Предложение же – произведение 
из этого материала, содержащее сообщение о действительности», 
– дейді (Избранные труды. Исследование по русской грамматике. 
– М., 1978).
Демек, барлық кез келген толық мағыналы сөздердің 
қосындысы сөз тіркесі емес, ал «сөздердің жайылу ережесі 
бойынша құрылған» (сөздердің мағыналық жайылуының жемісі) 
тіркестерін ғана сөз тіркесі деп қарады.
Қазіргі орыс тілі мамандарының біразы бастауыш-баян да-
уыш тық қатынастағы сөз тіркестерін сөз тіркесі деп қарамайды, 
олар сөйлемге жатқызылады. «Словосочетание – это смысловое и 
грамматическое объединение двух (или нескольких) полнозначных 
слов, служащее наименованием явлении действительности» 
(Н.С. Валгина).
Сөз тіркестерінің түркітануда, соның ішінде қазақ тіл білі-
мінде зерттелу тарихы ұзақ емес. Оның ғылым ретінде бөлін ген 
уақыты – ХХ ғасырдың 50-жылдары. 1940 жылы С. Аманжолов-
тың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген 
кітабында «сөйлем мүшелерінің тіркесі» жайында айтылады. 
Бұл туралы айтқандарының сөз тіркесіне қатысы бар, бірақ сөз 
тіркесін арнайы ғылыми зерттеу объектісі етпейді, жекелеген 
мәселелеріне тоқталмайды. Сол кітапта «сөздердің тізбектері» 
туралы арнайы тақырып бар, онда тек лексикалық тіркес пен 
тұрақты тіркеске қатысты мысалдар талданады.
Қ. Жұбановтың «Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тарихы-
нан» деген мақаласында сөйлем мүшелері туралы айтқан да ры-
ның сөз тіркесіне де қатысы бар.
Ал 1953 жылы шыққан «Қазақ тілі грамматикасы» оқулы-
ғында (С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаев) сөз тіркесін: 


Қазіргі қазақ тілі
25
«Кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, 
толықтап, пысықтап немесе түрліше қию ласып, бірін-бірі керек 
ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі 
сөздердің тіркесі дейміз», – деп анықтайды.
1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» кітабында
(М. Балақаев) сөз тіркесін синтаксистің сөйлемнен тысқары жеке 
объектісі ретінде қарап, олар әрі сөз таптарының, әрі сөйлем 
мүшелерінің тіркесі ретінде салаласа, сабақтаса байланысады 
дейді. Алайда бұл пікірінен кейін қайтып, тек сабақтаса бай-
ланысқан сөз тір кестерін таниды. 1957 жылы автордың «Основные 
типы словосочетаний в совре менном казахском языке» атты 
монографиясы жарық көрді. Бұл тек қазақ тіл білімінде ғана емес, 
түркітанудағы алғашқы ірі зерттеу еңбек болды. 
Сөз тіркесі синтаксисінің зерттейтін объектісі – сөз тіркесінің 
белгілері, сөздердің байланысу тәсілі мен түрлері, сөз тіркесінің 
құрылысы, түрлері.
Сөз тіркесінің белгілері. Сөздер тек бір ғана лексикалық ма ғы-
на емес, басқа сөздермен тіркесіп грамматикалық мағына да бере-
ді. Сөздердің бір-бірімен тіркесе алу қабілеті олардың грам мати-
ка лық қасиеттерінің бірі болып табылады. Сөз тіркесі болу үшін:
1. Құрамында кем дегенде толық мағыналы екі сөз болуы керек;
2. Олардың мағыналары өзара жуық, байланысты болуы тиіс
;
3. Олар салаласа емес, сабақтаса байланысады
;
4. Олардың арасында жаңа грамматикалық мағына пайда 
болуы керек (мыс: анықтауыштық, пысықтауыштық, т.б.);
5. Предикативтік емес қатынаста тұруы шарт.
Екі сөзден құралып, бірақ лексикалық бір түйдек мағына жа-
сайтын тіркестер сөз тіркесіне жатпайды. Мысалы, 
ақ қайың, боз 
торғай
(жаңа грамматикалық мағына пайда болып тұрған жоқ, 
бір кезде болған болуы мүмкін, бірақ кейіннен тұтасып кеткен).
Сонымен, сөз тіркесі деп, кемінде толық мағыналы екі сөзден құ-
ралып, сабақтаса байланысатын, предикативтік емес қатынас та тұ-
рып, жаңа грамматикалық мағына білдіретін сөздер тобын атай мыз.
Сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарлары болады. 
Басыңқы сыңары – сөз тіркесінің ұйытқысы, ол бағыныңқы 
сыңарын меңгеріп, өзіне бағындырып тұрады.
Сөз тіркестері басыңқы сыңарының қай сөз тобына жататын-


Бердібай Шалабай
26
дығына қарай 
есімді сөз тіркестері 
және
 етістікті сөз тіркес тері
болып екіге бөлінеді (лексика-грамматикалық түрлері). Компо-
нент терінің санына қарай (жеке бір сөзден не бірнеше сөзден 
жаса луына қарай) дара және күрделі сөз тіркестері болып бөлі неді 
(сандық-құрылымдық типтері). Тұрақты сөз тіркестері сөз тірке сі-
нің бір ғана сыңарын құрап, күрделі сөз тіркесін жасауға қа тысады. 
Сөз тіркесі – тарихи категория. Сөз тіркестерінің қазіргі жү-
йесі – тілдің ғасырлар бойы дамып жетілуінің жемісі. Ол тілі-
міздің даму барысында сөзді қолдану тарихымен байланысты 
қа лыптасқан. Тілдің лексикалық құрамы байып, синтаксистік құ-
рылысы жетілген сайын сөздердің тіркесу қабілеті де арта түседі.
Сөз тіркестерін құруда зат есім мен етістіктің қызметі ерек ше. 
Олар көбіне, басыңқы сыңар болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет