Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет8/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118
IV. Қабысу мен жанасу.
Сөйлем мүшелерінің жалғаусыз, 
шылаусыз, арасына сөз салмай, қатар тұрып байланысуы 
қабысу


Бердібай Шалабай
18
деп аталады 
(Тәртіпті бала жақсы оқиды).
Қабыса байланысатын 
сөздердің орны тұрақты болады, байланысатын сөзінің тікелей 
алдында келеді. Олардың сөйлем ішіндегі орнын ауыстыруға 
болмайды. Егер орнын ауыстырса, не сөздердің арасындағы 
байланыс үзіледі, не сөйлемнің бүтіндей мағынасы өзгереді.
Қайсыбір жағдайда қабыса байланысқан кейбір сөздердің 
орнын ауыс тыр ғанмен, олардың байланысы үзілмейді. Мысалы: 
Күн ертең суытады
дегенді 
ертең күн суытады 
деп те айтуға 
болады. Мұндағы 
ертең 
үстеуі мен 
суытады 
етістігі қатар тұрып 
та, алшақ тұрып та байланысады. Осындай ешбір қосымшасыз 
орын тәртібі арқылы қатар тұрып та, алшақ тұрып та жүзеге 
асатын байланыс түрін 
жанасу 
деп атайды. Жанасу сондай-ақ 
шылау сөздер арқылы жасалады: 
сен үшін келдім.
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне
практикалық тапсырмалар
Тақырыптың мақсаты: 
Сөздердің сөйлем құрамында бір-
бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, 
айырым синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалу ерекшелігін 
және олардың арасындағы байланыстың түрлерін жан-жақты, 
толық меңгеру көзделеді. Сөз тіркестерін дұрыс ажырата білу де 
осыған байланысты болмақ.
Тақырыптың дәйектемесі. 
Сөздердің синтаксистік байланы-
сы мен қарым-қатынасы және олардың түрлері – синтаксистің 
ең бір өзекті мәселесі. Сондықтан оларды толық білмейінше
синтаксистің басқа көптеген мәселелері жете түсінілмейді.
Тапсырма сұрақтар. 
1. Сөздердің байланысу тәсілдері қандай? 2. Аналитикалық, синте-
тикалық және аналитикалық-синтетикалық тәсілдердің әрқайсысына мысал 
келтіріп түсініктеме беріңіз. 3. Синтаксистік қарым-қатынастың түрлерін 
түсіндіріңіз:
а) Предикаттық қатынасты қалай түсінесіз?
ә) Атрибутивтік қатынас деген не? Ол қандай нақты мағыналарда көрінеді? 
б) Объектілік қатынас, оның түрлері?
в) Адвербиалдық қатынас және оның көріністері.
Бұлардың әрқайсысына мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз. Олардың 
басын қосатын ортақ жақтары не, айырмашылықтары қандай? Синтаксистік 


Қазіргі қазақ тілі
19
қатынастың басқа түрі бар ма? Синтаксистік байланыстың түрлеріне (қиысу, 
меңгеру, матасу, қабысу, жанасу) тоқталыңыз. Бұл жөнінде түркітанудағы 
көзқарастар қандай? Олардың қазақ тіл білімінде қалыптасқан пікірлерден 
өзгешелігі? Байланыстың қандай түрлерінде қазақ тілшілері арасында әр 
алуан көзқарас бар? Олардың себептері неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет