Бердібай Шалабай
58
баяндауыш та 3-жақта тұр. Мәнмәтінге тәуелсіз дербес айтыл ған:
толымды сөйлем. Құрамында тұрлаусыз мүшелері бар: жайыл ма
сөйлем.
Сонда бұл сөйлем: жақты, толымды, жайылма.
Маған онымен
талай кездесуге тура келді
(«Нан исі»).
Құрылысына қарай
жақсыз сөйлем:
Маған кездесуге тура келді.
– Грамматикалық
бастауыш болмайды, іс иесі барыс септігінде. Баяндауышы барыс
септік жалғаулы тұйық етістікке «тура кел»
деген көмекші сөз
тіркесіп айтылуы арқылы жасалған. Бірақ толымды әрі жайылма.
Қараңғы түн. Ахметтің пәтері. Есік ішінен бекітілген
(С. Сейфуллин).
Құрылысына қарай алғашқы екі сөйлем –атаулы сөйлемдер.
Мағынасына қарай: қараңғы түн –мезгілді білдірген, Ахметтің
пәтері – мекенді білдіріп тұр.
Жасалуы – сөз тіркесіне ұқсас, бірақ қазір сөйлем қызметін
атқарып тұр.
Мәнмәтінге тәуелді: егер соңғы сөйлем (Есік ішінен бекі тіл-
ген) айтылмаса, атаулы сөйлемдер мақсатсыз болар еді де, тек сөз
тіркесінің дәрежесінде қалар еді.
Жайылма атаулы сөйлемдер: әрқайсысының анықтауышы бар.
Көрші фермаға барып көрдіңіз бе? (жақты, толымды, жа-
йылма).
Барып жүрмін ғой. Күнде барам (жақты, толымсыз, жа-
йылма).
Өйткені «көрші фермаға» деген пысықтауыш айтылмай түсіп
қалған.
Боран тоқталар емес.Үйдің мұжық тұрбасынан ирек түтін
әрең шығады («Дала дауылпаздары»).
Алғашқы сөйлем-жалаң, тұрлаусыз мүше қатыспаған.
Екінші сөйлем-жайылма, тұрлаусыз мүшелер қатысқан (Үйдің
мұжық тұрбасынан, ирек, әрең).
Достарыңызбен бөлісу: