Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет35/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118
Сөйлем мүшелері 
Сөйлем – тілдің коммуникативтік мәнін айқындайтын ең не гіз-
гі бірлік. Ол жеке сөзден не олардың тіркесінен құралатыны мәлім. 
Сөздер сөйлем құрамына еніп, өзінің лексикалық мағынасына 
лайық әртүрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысқа түсу 
нәтижесінде белгілі синтаксистік мағынаға, функцияға ие бо-
лады. Бір-бірін белгілі бір мағынада айқындап, қандай да бол-
ма сын синтаксистік қызмет атқарады, сөйтіп сөйлем арқылы бе-
рілетін хабардың бір бөлшегі, бір мүшесі болып тұрады. Сөздер 
белгілі тілдік тәсілдер арқылы тіркесіп жұмсалғанда, олар дың 
грамматикалық қатынасы да, ұғымдарының қатынасы да беріліп 
отырады. Сондықтан сөйлем мүшесі әрі мағыналық, әрі грамма-
тикалық байланыста болады.
Сөздердің сөйлем мүшесі болу қызметі олардың жеке алған-
дағы қасиеті емес, сөйлемде бір-бірімен байланыста, қарым-қа-
ты наста қолданылғанда ғана көрінетін мағыналары. Сондықтан 
сөйлем мүшесі категориясы – синтаксистік категория.
Сөйлем мүшелері сөз таптарынан жасалады. Сөз таптары 
мен сөйлем мүшелері бір-бірімен тікелей байланысты. Морфо-
ло гиялық, синтаксистік категориялар ретінде олар өзара қарым-
қатынаста жұмсалады, бірақ олардың мәндері тепе-тең емес. 
Сөз таптары – морфологиялық категория да, сөйлем мүшелері – 
синтаксистік категория.
Сөйлемдегі сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі 
шарттары мыналар:
• дербес толық мағыналы болып, белгілі бір сұраққа жауап беру;
• белгілі грамматикалық тұлғада тұруы;
• байланысқан сөзімен еркін синтаксистік қатынасқа түсуі;
• сөйлем ішінде өзіне тән орны болуы.
Сөйлемдегі сөздерді мүшеге бөлу қандай негізден туған және 
ол неге бесеу?


Қазіргі қазақ тілі
61
Тілдегі елеулі құбылыстардың қай-қайсысы болса да өмір-
ден туған, тұрмыстағы объективтік болмыстың бейнесі. Тұрмыс -
тағы құбылыстар, заттар, үдерістер өзара бір-бірімен бай-
ланыста, шартты қатынаста болады. Олардың байланысы сан 
қилы болуы мүмкін, бірақ тіл солардың ішіндегі ең жалпы, не-
гізгі екі қатынасты ғана алады: оның бірі – өзара қатынасқа 
келген екі заттың, белгінің, үдерістің бірі екіншісіне тәуелсіз 
қаты на сы да, екіншісі – тәуелді, бағынышты қатынасы. Басқаға 
тәуел сіз қатынаста тұратын зат тың, құбылыстың тілдегі бейне-
сі – бастауыш. Бастауыш – сөйлем нің не туралы айтылғандығын 
білдіретін, грамматикалық жағынан басқаларға тәуелсіз мүше. 
Ал сөйлемнің басқа мүшелерінің бар лығы да тәуелді қатынастың 
көрсеткіштері. Баяндауыш – белгінің, үдерістің затқа, құбылысқа 
жартылай тәуелділігінің көрсеткіші. Өйткені ол бір жағынан 
өзі бастауышқа тәуелді, бағынышты бола тұра, екінші жағынан 
сөйлемнің басқа біраз мүшелерін өзіне тә уелді етіп тұрады. Оны 
грамматикалық жағынан жартылай тә уелді мүше деудің себебі 
де осында. Анықтауыш – белгінің затқа тәуелді қатынасының 
көрсеткіші. Ал пысықтауыш – белгінің бел гіге, үде ріске 
тәуелділігінің көрсеткіші. 
Сөйлем мүшелері грамматикалық жасалу жолы мен тұлғасы 
және мағынасы жағынан жалпыланған категория. Олар сөздердің 
сөйлемде өзара білдіретін мағыналық қатынасына, соған сәйкес, 
атқаратын синтаксистік қызметіне қарай екі топқа бөлінеді: 
предикативтік қатынасты білдіретін сөйлем мүшелері, яғни тұр-
лаулы мүшелер және предикативтік емес қатынасты білдіретін 
сөйлем мүшелері (тұрлаусыз мүшелер).
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің құрылысын, құрамын, мағы на-
сын айқындайды: мысалы, екі құрамдылық, толымдылық, толым-
сыздық, жалаң, жайылмалық осы тұрлаулы мүшелердің қаты-
насына қарай анықталады. 
Сөйлемнің сөйлемдік қасиеті, предикативтік негізі осы тұр-
лаулы мүшелер арқылы жасалады; басты белгілері – преди ка-
тивтілік, модальділік, интонация осылар арқылы анықталады.
Әдетте, бастауышқа байланысты қалыптасқан анықтамалар 
әрі логикалық, әрі грамматикалық негізде болады:
«Сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы 


Бердібай Шалабай
62
айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені 
бастауыш дейміз» (Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1953).
«Сөйлемде атау септігінде тұратын, іс-оқиғаның иесін білді-
ретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» (мектеп оқулығы).
«Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап
баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты 
екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» (Әміров).
«Әдетте, бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, 
ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның 
субъектісі (иесі) болады» (Балақаев).
Жоғарыдағы анықтамаларда логикалық белгі негізге алына-
ды. Сондықтан бұл анықтамалардан грамматикалық бастауышты, 
логикалық бастауышты ажыратуға болады. Салыстырыңыз: 
Ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет