Бердібай Шалабай
82
Тапсырма, сұрақтар
1. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі дегенді қалай түсінесіз?
2. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің қалыпты орын тәртібін түсіндіріңіз.
3. Сөйлем мүшелерінің тұрақты орын тәртібі және жылжымалы орын
тәртібі немен байланысты? 4. Инверсия дегеніміз не? Қара сөздегі және
өлеңді сөйлемдегі инверсиялар немен байланысты болады?
Әдебиеттер:
1.
Балақаев М., Қордабаев Т.
Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы,
1971. – 168-183-б.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: «Ғылым», 102-114-б.
3.
Бектаева Ш.
Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы.
– Алматы, 1968; Қазіргі қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу
тәртібі. – Алматы, 1970.
Практикалық тапсырмалар
1. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібіне назар аудары-
ңыздар. Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібін сақта ған-
дары қайсы? Соңғыларының себебін түсіндіріңіздер. Орын тәр-
тібі тұрақты не жылжымалы болып келетін сөйлем мүшелерін
анықтаңыздар:
Есіл өзеніне жақындау бір тұстағы кең көшенің
бойында бір қатарлы үлкен ағаш үй тұр. Сарғыш бөренелері
жаңадан салынғанын аңғартады.
– Ал, кәне, еріңдер соңыма! – Көрдің бе, қанша солдат келе
жатыр сол үшін? Неше адам оққа ұшты сендерден? Мынау ма
сойыл дегенің? Қасындағылардың бірі қолға түскен бір сойылды
әкеліп көрсетіп жатыр офицерге (Х. Рахимов). Ырымбек киіп
кетті төтеден (Ғ. Мұстафин). Оның есіне бала кезінде естіген
бір ауыл аңызы түсті (Т.Әлімқұлов).
2. Бір шумақ өлең жолын келтіріп, ондағы сөздердің орналасу
тәртібіне талдау жасаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: