Бердібай Шалабай
80
Түркі тілдерінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің негізгі
қызметі – грамматикалық қызмет.
Ол мынадай жағдайларда көрінеді:
1. Сөздерді байланыстыруда. Мысалы, қабысуда орын тәртібі
морфологиялық мәнге ие болып, сөздерді байланыстырады;
2. Сөздер орнын ауыстырғанда синтаксистік қызметі өзгеретін
тіркестерде, мысалы, қызыл ат, ат – қызыл.
М. Балақаев сөздердің орын тәртібінің мынадай үш түрлі
грамматикалық қызметін көрсетуі осыны байқатады:
1) байланысу
тәсілінің бірі болады;
2) бастауыш пен баяндауышты ажыратады;
3) анықтауыш пен баяндауышты ажыратады.
Сөздердің орын тәртібінің грамматикалық қызметінен басқа
стилистикалық
та қызметі бар. Тілдің дамуы барысында бұл
күшейе түседі.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін өзгерту арқылы сөйлем-
нің құрылысы да өзгереді. Сөйлемнің белгілі бір кұрылысын
таңдауда сөйлемнің мағыналық жағы үлкен рөл атқарады. Белгі-
лі бір ойды білдіру үшін соған сәйкес сөздермен қатар, олардың
орын тәртібі де таңдалып алынады. Сөйлемнің мағыналық жағы
мен құрылымдық жақтары өзара тығыз байланысты болады.
Сөздердің орын тәртібі сөздердің
сөйлем ішінде белгілі
ретпен орналасу тәртібі дегенді білдіреді. Сөздердің орын тәртібі
тілдің маңызды кұрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Мысалы,
түбір тілдерде сөздердің сөйлем ішінде орналасуы қатаң тәртіпті
сақтаса, жалғамалы, қопармалы тілдерде біршама еркін болады.
Сөздердің
орын тәртібі сөзді ұйымдастырушылық мағыналық
әрі кұрылымдық маңызды қызмет атқарады. Сөйлеу кезінде тіл дік
элементтер бейнеленуші құбылыстардың реттілігіне, мәнділігіне
сәйкес орналастырылады. Оқиғалардың ізбе-ізділігін немесе ақпа-
рат-мәліметтердің түсу реттілігін білдіруге қызмет етеді. Ол ой ды
белсендірудің құралы, осы тұрғыдан сөздердің орын тәртібі инто-
нациямен қатар сөйлемнің актуалды мүшеленуін жүзеге асырады.
Сөздердің орын тәртібі стилистикалық әрі экспрессивтік қыз-
мет атқарады. Ол біреудің сөзіндегі не
тілдік қолданыстың кө-
не дәуіріне тән сөздердің орналасуындағы кейбір ерекшеліктерді
әдейі қолданудан (стилизация) және жазушының көркем шығар-
Қазіргі қазақ тілі
81
мада сөздердің қалыпты орын тәртібін мақсатты түрде өзгертіп
қолдануынан көрінеді.
Тілдің синтаксистік құрылысында белгілі заңдылық болады.
Сөйлемдегі сөздер қалай болса солай орналаспай, сол заңдылық-
тарға бағынып, белгілі тәртіппен орналасады.
Әрбір сөйлем мүшесінің сөйлемде қалыпты орны бар. Бір-
қатарының қалыпты орнын қозғауға болса, бірқатарын син так-
систік қызметін бұзбай ауыстыруға болмайды.
Осыған қарап,
ғалымдар сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібінің екі түрін
ажыратады: орын тәртібі тұрақты сөйлем мүшелері және орын
тәртібі жылжымалы сөйлем мүшелері. Орын тәртібі тұрақты
болатындары жалғаусыз қабыса байланысатын сөйлем мүшелері
де, жылжымалы болатындары – жалғаулар арқылы қиыса, мең ге-
ріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері.
Қазақ тіліне (түркі тілдеріне) қатысты бір заңдылық: жалғаусыз
қатар тұрып қабыса байланысатын сөйлем мүшелерінің көпшілігі
қалыпты орындарынан өзгермейді. Егер орнын ауыстырса, син-
таксистік кызметі өзгереді. Мысалы, атау тұлғадағы (сын есім,
есімше, сан есім, зат есім) анықтауыш
анықтайтын сөзінің дәл
алдында тұрады.
Орын ауыстыруға болатын сөйлем мүшелері жалғаулар ар-
қылы байланысатын сөйлем мүшелері. Мұндай жағдайда сөздің
синтаксистік қызметі
өзгермегенмен, сөйлем мағынасына аз да
болса өзгеріс енеді:
Асқар оқуға барады. Оқуға Асқар барады.
Сөйлемдегі сөздердің қалыпты
орнын өзгертіп қолдануды
инверсия дейді.
Жалпы ереже бойынша сөйлем мүшелерінің орын тәртібі:
баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анық-
та уыш анықталатын сөзден бұрын, толықтауыш пен пысықтауыш
өздері қатысатын сөздерден бұрын тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: