Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


көп компонентті салалас құрмалас сөйлем



Pdf көрінісі
бет70/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118
көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, 
көп бағы ның қылы сабақтас құрмалас сөйлем және аралас 
құрмалас сөйлем.
Салалас құрмалас сөйлем
Салаластық байланыс негізінен тең дәрежедегі тілдік тұлға-
лардың арасында орын алады. Тілдік тұлғалар бір-біріне мағы-
насы мен тұлғалары жағынан бағынышты болмайды. Сондық-
тан салаластық байланыс сөйлем ішінде бірыңғай мүшелердің 
арасында, сонымен қатар, жеке сөйлемдердің арасында да бола 
береді. Мысалы: «Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті 
қуратып күз өтті. Үсті-басы қырауытып, қылы шын сүйретіп, 
шықыр-шықыр етіп қыс келді» (Ж. Аймауытов).
Бұл сөйлемдерде салаластық байланыс сөйлемдердің преди-
кативтік негіздерін қамтып, олардың бірдей, бірыңғай тұлғалар да 
келуін қамтамасыз етіп тұр: жаз өтті, күз өтті, қыс келді.


Бердібай Шалабай
114
Қазақ тіліндегі салалас құрмаластар ертеден бар. Тіл-тілдің 
көне дәуірлеріне тән бұл байланыстың іздері ауыз әдебиеті шы-
ғар маларында, тарихи көне жазбалар тілінде мол кездеседі. 
Олар дың көпшілігі салаластық байланыстың алғашқы түрі – 
жалғаулықсыз болып келеді.
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ит тойған жері-
не, ер туған жеріне (мақал-мәтелдер); Жарлы халықты бай қыл-
дым, аз халықты көп қылдым; Қаған әскері бөрідей еді, жауы 
қойдай еді (Күлтегін ескерткішінен).
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда түркі-
тануда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір көзқарас бойынша, 
оларды ажыратудың меже-шегі сыңарларының мағыналық қа-
рым-қатынасы: егер сыңарлары мағыналық жағынан бірі екінші-
сіне тәуелді болып, бағынышты қарым-қатынаста жұмсалса, 
са бақтас құрмалас болады да, ал өзара теңдік қатынаста жұм-
салса, сыңарларының баяндауыштарының тиянақты-тиянақ сыз 
тұлғаларда тұ руына қарамастан, салалас құрмаласқа жатқы зы-
ла ды. Онда біз дің сабақтас құрмалас деп жүрген сөйлем дері міз -
дің кейбірі салаласқа жатады: Шай құйылып, ет асылып жатыр
(С.К.). Осы кезде есіктің қоңырауы шылдырлап, оған қосыла ит 
үрді. Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.). Майбасар сә-
лемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді (М.Ә.).
Екінші көзқарас бойынша, салалас пен сабақтасты мағыналық 
белгілеріне қарай емес, тұлғалық белгілеріне қарай ажыратады. 
Егер предикатив сыңарларының бірінің (алдыңғысының) баян-
да уышы тұлғалық жағынан тиянақсыз болып келіп, мағыналық 
жағынан ғана емес, тұлғалық жағынан да екінші сыңарына бағына 
байланысса, сабақтас құрмалас болады да, ал баяндауыштары бір 
өңкей тиянақты тұлғада жұмсалса, сыңарларының мағыналық 
қатынастарының қандай екеніне қарамастан салалас құрмаласқа 
жатады. Қазақ тіл білімінде қазір соңғы көзқарасты басшылыққа 
алу біржолата қалыптасты.
Сонымен, салалас құрмаласты мынадай белгілері бойынша 
ажыратамыз:
1. Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты 
тұл ғада жұмсалады, яғни әдеттегі жай сөйлемдердің баянда-
уыш та рына қандай тиянақты тұлғалар тән болса, салаластың 


Қазіргі қазақ тілі
115
сыңарларының баяндауыштарына да сондай тиянақты тұлғалар 
тән. Мысалы: Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күн 
көрінісіне жамау-жасқау етеді. Қаңтарулы аты қасында, қамшы 
мен шылбыр белінде (Ғ.М.).
2. Предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым өз 
бастауышымен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: 
Елінен безген кісі оңбайды, көлінен безген құс оңбайды (мақал). 
Давыдовқа айт: мен бүгін түнде-ақ қайта ораламын (М.Ш.).
3. Салалас құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларының 
ма ғыналық дербестігі басымырақ, олар өзара теңдес дәрежеде 
және сыңарларының мағыналары көбінесе өзара тұтастай қа рым-
қатысты болып келеді.
4. Предикатив сыңарларының аралығындағы дауыс кідірісі-
нің тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады. Бұл оның баян-
да уыш тұлғаларының тиянақтылығына байланысты.
5. Предикатив сыңарларын байланыстыратын амал-тәсілдер-
ге мыналар жатады: жалғаулық шылаулар, интонация тұтастығы, 
пре дикатив сыңарларының орналасу тәртібі және кейбір тұл ға-
лық, құрылымдық ерекшеліктері. Мысалы, предикатив сыңар-
ла рының синтаксистік қатар түзеп бірдей құрылымда жұмса-
луы, баяндауыштарының қайталанып келуі не бірдей шақ, жақ 
тұлғаларында тұруы (Ит тойған жеріне, ер туған жеріне; Атасы 
жоқ – мас жетім, анасы жоқ – қас жетім; Мал қонысын іздейді, 
ер жігіт туысын іздейді) немесе алдыңғы сыңарының толымсыз 
болып келіп, соңғы сыңары арқылы толығып отыруы (Таныдым: 
үй – Қарабеттің отауы), т.б. тәсілдер салаластың предикатив 
сыңарларын бір бүтін етіп байланыстырып отырады.
Салалас құрмалас сөйлемнің қайсыбір жалғаулықсыз түрлерін 
байла ныс тыруда сыңарларының бірінің құрамында келе тін кей бір 
лексикалық элементтердің рөлі де ерекше. Ондай бай ла ныс тырғыш 
сөздерге сілтеу есімдіктері, зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, күй-
қалыпты білдіретін сөздер (аз, көп, мәлім, артық, кем...) жатады. 
Мысалы: Менің сендерге берген парам 
сол:
дәл сол Құнанбай 
баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым (М.Ә.). Мына 
Шодыр қазір кедей емес, орташа: екі пар аты, екі брич касы, екі 
бұзаулы сиыры бар (Ғ.Мұст.). Сөз 
көп,
тыңдаушы 
аз 
(Ғ.Мұст).
Жоғарыдағы белгілері негізінде салалас құрмаласқа мына дай 


Бердібай Шалабай
116
анықтама беруге болады: предикатив сыңарларының баян да уыш-
тары тиянақты тұлғада келіп, белгілі бір лексика-грам матика лық 
тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық және ин тона циялық тұ-
тастық құрайтын құрмалас сөйлем түрін салалас құрмалас дейміз.
Салалас құрмалас сөйлемдер компоненттерінің байланысу 
тәсіл дерінің негізгі екі түріне қарай жалғаулықты және жал ғау-
лықсыз салалас болып бөлінеді.
Жалғаулықтар салалас құрмаластың сыңарларын өзара ұш-
тастырып байланыстырумен қатар, олардың арасындағы мағы-
налық қатынастардың айқынырақ білінуіне де қызмет етеді.
Жалғаулықты салаластар предикатив сыңарларының өзара 
мағыналық қатынастарына және байланыстыратын жалғау лық-
тардың мағыналық топтарына қарай былай жіктеледі:
1. Ыңғайлас (мезгілдес) салалас.
2. Себептес салалас.
3. Қарсылықты салалас.
4. Талғаулы салалас.
5. Кезектес салалас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет