Қазіргі қазақ тілі
113
3. Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске
өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты (Ғ.М.).
Алғашқы екі құрмалас сөйлем төрт предикативтік сыңардан
құралса, соңғысында үш предикативтік сыңар бар. Демек, бұлар
көп компонентті, көп құрамды құрмалас сөйлемдерге жатады.
Олардың предикатив сыңарларының
байланысы да салаластық
және сабақтастық байланыстарға негізделеді.
Алғашқы сөйлемнің барлық предикативтік сыңарларының
баяндауыштары тиянақты тұлғаларда тұрып, салаласа бай ла нысса,
екінші сөйлемде алдыңғы компоненттерінің баяндауыштары
тия нақсыз тұлғаларға аяқталып, сабақтаса байланысқан. Ал
үшін шісінде алғашқы компонентінің
баяндауышы тиянақты,
екіншісінікі тия нақсыз, яғни салаласа да, сабақтаса да бай ланы-
сып құралған. Демек, соңғысы предикативтік сыңарларының
байланыс түрінің сипа тына орай ерекше тип бола алмайды.
Сондықтан бұлар көп құрамды құрмалас сөйлемдер деп
ата лады. Көп құрамды құрмалас сөйлемдер предикативтік сы-
ңар ларының салаластық, сабақтастық
байланыстардың бірінен
құралуына қарай не олардың араласып келуіне қарай мынадай
үш түр ге бө лінеді:
Достарыңызбен бөлісу: