Бердібай Шалабай
118
Да
шылауы мезгілдік жағынан бірінен кейін бірі жүзеге
асқан іс-әрекеттерді белгілейтін предикатив сыңарлардың ара-
сын жалғастырып тұрады. Мысалы: Менің артымнан бір қыз
туады
да,
әке-шешем атын Балтуған қояды (С.М.). Жаңағы арыз
жөнінен Ақбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып болды
да, Абай тағы кітаптарға қадалды (М.Ә.). Осыдан кейін қалай
қимылдайтындарын түсінісіп алды да, Байжан көк жорғамен
қасқыр шоқаққа салып, ілгері асып кетті (Ғ.М.).
Мезгілдік мән
да
шылауының қайталанып келген түрінде
де орын алады. Ол жағдайда предикатив сыңарларындағы іс-
әрекеттер бірінен кейін бірі іле-шала жүзеге асқандығы баса
көрсетіліп тұрады. Мысалы: Күн де найза бойы көтерілді, ойды-
қырды алып жатқан жылқыға біз де келіп жеттік. Күн бата
шұбартып мал шеті де көрінді, боран да үдеңкіреп кетті. (Ғ.М.).
Да
шылауы қайталанып келгенде өзі тіркескен сөзге екпін
түсіріп, оны бөліп көрсетеді, оған ерекше мән бергізеді, яғни
стилистикалық мақсатта жұмсалады. Мысалы: Ұлпан Есенейді
аяп та кетті, Есенейдің үлкен адам екендігіне қызығып та кетті.
Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай
алған да жоқ. (Ғ.М.).
Әрі
шылауының қызметі
және
жалғаулығымен ұқсас. Бір-
тектес оқиғаларды, мезгілдес іс-әрекеттерді белгілейтін преди-
ка тив сыңарлардың арасында оларды байланыстырушылық қыз-
метте қолданылады. Мысалы: Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр
әрі
ішіндегі жылқы етінің исі бұрқырайды. (Ғ.Мұст.). Қадірдің киімі
жұқа әрі денсаулығы да мықты емес (С.М.).
Әрі
жалғаулығы әр сыңар сайын қайталанып та келеді.
Мысалы: Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік
бар,
әрі,
бір жағынан, Семейдің үркек, қорқақ чиновниктерін
айламен сыз еткізіп, «баспасөз жүзіне шығарамын» дегендей
сескендіру де бар (М.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: