Бердібай Шалабай
130
театры ашылды
(Ы.Дүйсенбаев).
Екі көзі менде – байқаймын,
кім екенімді білуге құмартып тұр
(Х. Есенжанов).
Жалпы, түсіндірмелі салаластардың алғашқы жалпылама
мәндегі компонентінен кейін қос нүкте қойылады. Ал олардың
компоненттерінің бірі – алғашқысы
немесе екіншісі толымсыз
болып жұмсалса, компоненттерінің арасында түсірілген сөздің
орнына сызықша қойылады. Ол
сөз алғашқы компоненттің
баяндауышы
(мынау)
болуы мүмкін. Мысалы: Жылқы ішінің
тағы бір жат көрінісі – арасында құлын жоқ (М. Әуезов). Екінші
бір жағдайда соңғы компонентінің бастауышы
(ол)
айтылмайды:
Жәуке мұны да таныды – Құрымбай! (Б. Майлин).
Алғашқы мысалда түсірілген сөз – бірінші жалпылама мән-
дегі компоненттің баяндауышы «мынау» болса, екінші мысалда
соңғы түсіндіруші компоненттің бастауышы – «ол».
Достарыңызбен бөлісу: