Қазіргі қазақ тілі
127
тұлғасында қолданыла береді. Бұл салалас сөйлемдерде де айы-
рым мезгіл пысықтауышты болып келеді, бірақ кейінгі компо-
ненттердегі мезгіл пысықтауыш сілтеу есімдік құрамды сөз тір-
кесі тұрғысынан айтылады. Бұл кейінгі компоненттің іле-шала
болған қимыл-күйді білдіруіне байланысты. Мысалы:
1. Давыдов енді ғана жауап қайтармақшы болып еді, сол кезде
аула ішінде автомобилдің салдыры естілді (М. Ш.).
2. Жолбарыс қарғымақ болып көтеріле берген еді, сол сәтте
Садық гүрс еткізіп атып жіберді (Ә. Әбішев).
3. Ленин мовзолейінен шығып келе жатқан едім, біреу
иығымнан қаққандай болды (Ш. Мұртаза).
Бұлардың сызықшамен бөлінетін түрлері болады:
Қарға қарқ етті – ірімшік жерге салп етті.
Тептім, – терекке шықтым (жұмбақ).
Біртектес, бір мезгілдегі іс-әрекетті білдіретін ыңғайлас са ла-
ластардың құрылымдық бір ерекшелігі бар: ол – олардың ашық
құрылымды болып келуі. Соған орай олар тек екі компо ненттен
ғана тұрмайды. Үш не одан да көп болып келе береді, яғни
компонент санын жалғастыра беруге болады. Мысалы:
1. Үй сыланбаған, сынық терезелері қойылмаған, екі бөлмеге
ортақ жалғыз пеш құлап қалған (Ғ. Мұстафин).
2. Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, ба-
луан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады (мақал).
3. Бекбай – жұмысшы, Танаш – коммунист, Әуесхан – жалшы
болатын (Ғ. Мұстафин).
Ал алшақ кезең аралығындағы іс-әрекетті беретін ыңғайлас
құрмаластар негізінен екі құрамды болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: