Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет75/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Кезектес салалас
Предикатив сыңарларындағы іс-әрекеттер кезектесіп, бірінен 
кейін бірі орындалатын құрмалас сөйлем түрі кезектес салаласқа 
жатады. Салаластың бұл түрін жасауда да жалғаулықтардың 
рөлі ерекше. Кезектес салалас жасайтын жалғаулықтар: 
біресе, 
бірде, кейде.
Мысалы: Баяу ескен жел 
бірде
басылады, бірде 
толқып жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана қозғайды
(С. Сейфуллин). Кейде ол қапы кетеді, 
кейде
мен қапы кетем 
(Ғ.М.). Біресе зор кеудені сілкінте, қалтырата шыққан ыстық жа-
лын күрсіну естіледі
бірде 
сыбырлап, әлденені сөйлеп кетеді 
(М.Ә.). Кейде екі салт қатар аяңдайды да, 
кейде 
бірі екі атты 
жетелеп, бірі артынан айдайды (Ғ.М.).


Қазіргі қазақ тілі
125
Жалғаулықсыз салалас
Жалғаулықсыз салалас тілімізде жалғаулықты салаластан бұ-
рын пайда болған. Н.Т. Сауранбаев: «тіліміздің дамуында құр-
малас сөйлемдер жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласуынан 
бас та лады. Құрмаластырушы жалғаулықтар жеке сөзден пай да 
бол ған» дейді (Қазақ тілі. 1953. 118-бет). Жал ғаулықсыз са лалас 
құрмаластарда әр компонентінің лексика лық құрамы, құрылымы 
және интонация ерекше маңызға ие. 
Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз іргелесіп құрмаласуында 
байланыстырғыш сөздердің қызметі ерекше. Ондай сөздер сіл-
теу есімдігі, зат есімдер, күйді білдіретін есімдер (аз, көп, мә лім, 
артық, кем) сын есім, сан есім, үстеу сөздер болып келеді.
Мысалы: 1. Біздің театрымыздың сіңірген зор еңбегі 
сол
– ол 
эстетика мен идеялықты ұштастыра білді (М. Әуезов). 
2. Аяусыз қатаң үкім – 3 жылға бас еркінен айрылсын
(Р. Нұрғалиев). 
3. Тоқаштың мінезі өзіне мәлім: аяғанды жек көреді (З. Шашкин).
4. Күн тәртібі біреу-ақ: жастардың қорғаныс заводына деген 
жәрдемі (Ө. Қанахин).
Кейбір құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланы-
сын да бір сөздің екі компонентінде қайталанып келуі де үлкен 
рөл атқа ра ды: «Патшаны жек көргенім шындық, шындық неге 
қарсылық болады?» (К. Оразалин).
Жалғаулықсыз салалас құрмаластар біртұтас интонациямен 
айтылады. 
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің компоненттері-
нің мағыналық қарым-қатынастары түрліше болады. Олардың 
негізгілері мыналар және соған орай жалғаулықсыз салаластың 
мағыналық түрлері былайша бөлінеді:
1. Ыңғайлас мәнді салалас.
2. Салыстырмалы мәнді салалас.
3. Қарсылық мәнді салалас.
4. Түсіндірмелі мәнді салалас.
5. Себеп-салдар мәнді салалас.
6. Шарттас мәнді салалас.


Бердібай Шалабай
126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет