Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет80/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Тапсырма сұрақтар. 
1. Салалас құрмалас сөйлемнің негізгі ерекшеліктері және ол жөніндегі 
көзқарастар. 
2. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталыңыз.
3. Жалғаулықсыз (іргелес) салалас құрмалас сөйлем компоненттерін 
байланыстыратын амал-тәсілдерді атаңыз. 
4. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салаластардың ортақ түрлері, 
олардың бір-бірінен ерекшеліктері, тыныс белгілері қандай? 
5. Жалғаулықсыз салаластың түрлері, тыныс белгілеріне тоқталыңыз.
6. Әдебиеттерде жалғаулықсыз салаластың түрлерін анықтауда қандай 
пікір алшақтықтары бар?
Әдебиеттер
1. 
Қ. Жұбанов.
Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1936.
2. 
С. Аманжолов.
Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. – 
Алматы. 1940.
3. 
С. Жиенбаев.
Синтаксис мәселелері, – Алматы, 1941.
4. 
Н.Т. Сауранбаев.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – 
Алматы. 1948.
5. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954. – 521-533-б.
6. 
М. Балақаев., Т. Қордабаев.
Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы. 
1971. – 220-225-б.
7. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ-бөлім. Синтаксис. – Алматы, 1957. – 
165-190-б.
8. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
9. 
Р.С. Әмір, Ж.Р. Әмірова. 
Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің граммати-
калық, функционалдық жүйесінде. – Алматы, 2009.
10. 
Т.Н. Ермекова.
Құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 2008.


Бердібай Шалабай
132
Өздік жұмыс
• Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық мағынала-
рын анықтап, компоненттерін байланыстырып тұрған амал-тә-
сілдерді көрсетіңіз, компоненттерінің құрамын сипаттаңыз: бір 
құрамды ма, екі құрамды ма; бас мүшелерінің астын сызыңыз.
Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Аса бір 
қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне 
кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей 
береді. Ұлы Табалдырықтан аттау үшін адамға дәт керек, үлкен 
әрі таза рух керек.
Орнынан тұрғысы жоқ, шамды да жақпады. Ізбайшаға 
Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады. 
Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін 
күн қақтап тотығып кеткен (Ш. Мұртазаев).
• Мына жалғаулықтарды келтіріп, салалас сөйлем құрыңыз: 
алайда, әрі, өйткені, кейде, не. Бұлардың қайсысы қайталанып 
та қолданыла алады және ондай салаластардың қандай 
ерекшеліктері бар?
• Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің әрбір түріне мы-
сал келтіріңіз: олардың компоненттерін байланыстырып тұрған 
тәсілдерді, тыныс белгілерін түсіндіріңіз, олардың кейбірін жал-
ғаулықты етіп қайта құрыңыз, қандай өзгеріске ұшырай тынына 
назар аударыңыз.
• Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрін қай автор сабақтасқа 
жатқызады, неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет