Бердібай Шалабай
134
да басқа, үлкен топтан таңдап алған достары да басқа. Осыдан
кейін қалай қимылдайтындарын түсінісіп алды да,
Байжан көк
жорғамен қасқыр шоқаққа салып, ілгері асып кетті. Мұнымен
салыстыратын ешбір оқиға болған емес, бірінші жеңіс көптің кө-
ңілін көтеріп те, таңдандырып та кеткен сияқты. Игілік шеткі ат-
тың неден үріккенін де көрді: қақпаның түбінде шұбар көрпеге
оралған бір бума жатыр екен. Рязанов ешқайда кетпеген, үйінде
екен, бірақ оны қабылдамапты (Ғ. Мүсірепов).
Өздік жұмыс
Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай талдау жаса -
ңыздар (жалғаулықты,
жалғаулықсыз, грамматикалық мағына-
лары). Әр компоненттің құрылымдық ерекшелігін және тыныс
белгілерін түсіндіріңіздер.
Берілген сызба бойынша салалас құрмалас сөйлем құрыңыз-
дар.
1-жұмыс.
Біржан әкелген Сарыарқаның
кең қазынасы кей-
де шырқап өрлеген Әмір, Оралбай үндерімен шығады, кейде
сызылта, жіңішкерте бұралтқан, бірақ соншалық күшті және
сонша алысқа
тарап жатқан бойжеткен Балбала, сері сұлу
Үмітей, сыпайы сынды Керімбала әндерімен сыр баяндайды.
Бұл уақытта ойлап отырғаны- өтіп кеткен күн емес, алдында келе
жатқан күннің жайы. Тегінде, Тәкежан үлкен жанжалға тауаны
жоқ, бұдырсыз болатын, әрі әкеге шағым жеткізу алыс та қиын
(М. Әуезов). Көш иесі екеу-ақ: бір әйел, бір еркек, қимасы түскен
кен ырдуанды мықшың-мықшың көтеріп жатыр.
Енді жіберіп
көрші, құдай біледі, әкеңді танытамыз (Ғ. Мұстафин).
(себептестік мағына)
(қарсылықты мағына)
Достарыңызбен бөлісу: