Жеке адамға табыну – белгілі бір қайраткердің беделіне көзсіз бас ию, оның сіңірген еңбегін әсірелеп көрсету, тарихи тұлғаны әулиеге теңеу.
Зайырлы мемлекет – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.
Заң – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.
Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З.Фрейд енгізді.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Империя – лат. imperium – билік, мемлекет. Монарх, император басқаратын мемлекет. Бағынышты елдерде отарлық саясатты жүргізуші ірі держава.
Инаугурация– мемлекеттің жоғарғы басшыларының қызметке кірудегі салтанатты жиналысы.
Инвестиция – елге және шетелдердегі экономика саласына ұзақ мерзімге капитал салу.
ИНОГЕЙТ (INOGATE) – энегетика саласында халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы.
Институализация – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
ИНТАС - ТМД елдерінің ғалымдарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық.
Комсомол –жастардың коммунистік одағы (толық атауы – Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (БЛКЖО) – КСРО-дағы саяси жастар ұйымы.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, мемлекеттің жоғарғы заң күшіндегі нормативті-құқықтық актісі. Онда мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздері, тұлғаның құқықтық мәртебесі бекітілген.
Конфедерация – мемлекеттердің бірлестігі, мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады.