Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет83/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93
Байланысты:
annotation165748

Конфликт (жанжал) – қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазы – мұсылманның діни қағидаларының орындалуын жергілікті жерде бақылайтын және оны жүзеге асыратын, құқық жолдары мен тәртібін, ұлтсалт дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихы мен тұрмысын жақсы білетін, арнайы дін оқу орнын бітірген, тәжірибесі мол, дін соты қызметін және билік айтушы әрі төреші міндетін атқару қазыға жүктелген. Қазы ешкімге тәуелді емес. Ол қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын, өз міндеті мен дін ісіне шын берілген тақуа адам болуға тиіс.
Қайта құру – Кеңес қоғамындағы тоқырау процестерін жойып, қоғамдық-әлеуметтік дамуды жеделдетуге, демократия мен жариялылыққа негізделген жаңа бағыт.
Қауымдастық – бірлестік, одақ. Ортақ шаруашылық мақсатқа ғылыми – саяси мәдениеттерге, мақсаттарға жету үшін ұйымдардың немесе тұлғалардың негізінде бірігуі. Қауымдастық өз атынан шарт жасасу, банк несиелерін пайдалану құқығына ие болып табылады.
Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.
Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.
Құқықтық мемлекет – конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі  бар мемлекет нысаны. Ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. 
Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. 
Лидерлік– әлеуметтік дәреже, үкіметтің шешімдерін жүзеге асырушы, сол арқылы басқаға билік жүргізуші.
Мажоритарлық сайлау жүйесі (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. 
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.
Мәдениеттілік – адамның тұлғалық қасиеттері әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндеседі. Мәдениеттану жөніндегі өзарар қарым – қатынастар кемел адам ұғымы мен үндестік тауып, адами, кісілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет