Pisa 2012 Ұлттық есеп Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


 Кестесі. Математикалық сауаттылық жетістіктерінің деңгейлері



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата13.02.2017
өлшемі11,57 Mb.
#4042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

2.1.5 Кестесі. Математикалық сауаттылық жетістіктерінің деңгейлері  
Дең
гей
 
Ұпай
 
ше
кт
еулігі
 
Берілген 
деңгейге қол 
жеткізген 
білімгерлер 
пайызы 
Білімгерлер нені істей алуы тиіс? 
 

669 
3.3% 
- математикалық тұрғыдан ойлап, шұғыл санауға қабілетті; 
- есеп шығарудың жаңа әдістерін бере алады; 
-  бұрын  кездеспеген,  жаңа  жағдайлар  үшін  стратегиялар 
құра алады; 
- ақпараттардың түрлі дерек көздерін байланыстыра алды. 

544 
12.6% 
-  күрделі  тапсырмалардағы  модельдерімен  жұмыс  жасай 
алады; 
-  осы  модельге  қатысты  мәселені  шешу  стратегиясын 
анықтап, салыстырып, бағалап, құрастыра алады; 
-  қайсыбір  тапсырманы  орындауға  қажетті  кең,  жақсы 
дамыған ойлауды, логикалық дағдыларды көрсетеді. 

545 
30.8% 
-  нақты  бір  ситуация  үшін  нақты  бір  модельдермен  тиімді 
жұмыс жасай алады; 

символикалық 
белгілерді 
қоса 
алғанда, 
түрлі 
тапсырмаларды  дамытып,  біріктіре  алады  және  оларды 
шынайы өмірлік жағдайлар аспектісіне бағыттай алады; 
-  жақсы  төселген  дағдыларды  көрсетіп,  тапсырмаларды 
оңай орындайды. 

482 
54.5% 
-  бірізді  орындалуды  талап  ететіндерді  қоса  алғандағы 
тапсырмаларды нақты орындай алады;  
-  түрлі  ақпараттық  дереккөздерге  негізделген  мәселенің 
жеңіл стратегиялық шешімін таңдап, қолдана алады; 
- кейбір үдерістерді, нәтижелерді, пайымдауларды түсіндіре 
алады . 

420 
77.0% 
-  логикалық  пайымдаудан  басқа  ешнәрсені  қажет  етпейтін 
ситуацияларды түсініп, тани алады; 
-  маңызды  ақпаратты  бір  дереккөзден  ала  алады  және  бір 
репрезентативтік әдісті қолдана алады; 
- ойлауды бағыттап, мәліметтерді тура түсіне алады; 
-  бүтін  сандармен  есептер  шығару  үшін  негізгі  алгоритмді, 
формуланы, үдерісті қолдана алады. 

358 
92.0% 
-  барлық  тиісті  ақпарат  берілген  және  сұрақ  нақты 
тұжырымдалған 
қарапайым 
тапсырмадан 
тұратын 
сұрақтарға жауап бере алады; 
-  нақты  бір  ситуацияларға  сәйкес  ақпаратты  ұқсастырып, 
көпшілік мақұлдаған әдістерді қолдана алады. 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 

 
32 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
6  деңгей  669  ұпайдан  жоғары  тест  сұрақтарын  табысты  орындаудың 
көрсеткіштеріне  сәйкес  келеді. 
Халықаралық  емтиханның  осы  деңгейдегі 
қатысушылары  PISA  тестінің  математикалық  сауаттылығының  ең  күрделі 
элементтерін  табысты  орындауы  тиіс.  Осы  жоғары  көрсеткіш  білімгерлерден 
математикалық  тұжырымдар  жасау,  өз  зерттеуінің  негізінде  ақпаратты 
қорытындылап,  қолдану,  біршама  стандартты  емес  мәселе  тудыратын 
мәнмәтіндегі жағдайларды модельдеу дағдыларын талап етеді. 
Білімгерлер  осы  деңгейде  математикалық  ойлау  және  түрлі  ақпарат 
көздерін  пайымдау  қабілетіне  ие.  Зерттеудің  15-жастағы  қатысушылары 
ситуацияны  шешу  үшін  математикалық  операцияларды  қолданып,  жаңа 
тәсілдер  мен  стратегиялар  құрастыра  алады.  Сонымен  қатар,  білімгерлер  өз 
алдына  ойлай  алады,  сондай  ақ  өз  қорытындысына,  түсіндіруіне  және 
дәйектеріне  қатысты  нақты  түсініктеме  тұжырымдап,  дұрыс  жауап  таңдау 
себебін түсіндіріп бере алады. 
Орташа 
алғанда, 
ЭЫДҰ 
елдері 
бойынша 
қатысушылардың                                 
3,3%-ы  6  деңгейге  қол  жеткізген.  Шанхай  жалпы  білімгерлер  санынан                             
6  деңгейге  қол  жеткізген  білімгерлердің  (30%)  ең  жоғары  үлесіне  ие.  ЭЫДҰ 
елдері  арасында  Корея  ең  көп  білімгерлер  үлесіне  ие  (12,1%),  содан  соң 
Жапония  (7,6%),  Швейцария  (6,8%),  Бельгия  (6,0%)  және  Польша  (5,0%)  келеді 
(Қосымша,                               2.1.1 сурет). 
«Велосипедші  Айжан»  тапсырмасының  үшінші  сұрағы  күрделіліктің                      
6 деңгейіне жатады (2.1.3 сурет). 
 
 
 

 
33 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
2.1.3 сурет. Велосипедші Айжан 
 
Айжан  жаңа  велосипед  сатып  алды.  Велосипедтің  рулінде  жылдамдық  өлшегіш 
қондырылған.  Жылдамдық  өлшегіш  Айжан  велосипедпен  жүріп  өткен  қашықтық  пен 
жолдағы орташа жылдамдықты көрсетеді. 
3  сұрақ:
 
Айжан  өз  велосипедімен  үйінен  4  км  қашықтықтағы  жатқан  өзенге 
дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. 
Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі және артқа қарай 
орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай? Орташа жылдамдық ………….. км/сағ. 
Сипаттау: Екі жүріп өткен жол мен кеткен уақытты ескере отырып, екі жолдың 
ораша жылдамдығын есептеу. 
Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынас. 
Мәнмәтін: Жеке бастық. 
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану. 
Сұрақ форматы: Құрылымдық.  
Күрделілік: 696,6 (6 деңгей). 
Толық жауап: 
28 км/сағ. 
Жауап  қабылданбайды: 
28.3  (Бұрыс  әдіс:  2  жолдың  орташа  жылдамдығы 
(26.67 және 30), жауап жоқ. 
Түсініктеме: 
Осы  сұрақ  орташа  жылдамдық  мәнін  тереңірек  түсінуді  талап 
етеді. Жылдамдықты үстемелеу арқылы алынған (26,67 км/сағ және 30 км/сағ), 
осы берілген жағдайдағы дұрыс емес жауапқа қарамастан (28,3 км/сағ), орташа 
жылдамдық, тек жылдамдықты үстемелеген жолмен алынбайды. 
 

 
34 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
Осы  математикалық  тапсырманы  орындау  үшін  математикалық 
пайымдау  мен  дәйектеу  қажет.  Қазақстандық  15-жастағы  зерттеуге  қатысушы 
білімгерлердің тек 20% ғана осы сұраққа дұрыс жауап бере алған. 
5  деңгей  607  ұпайдан  669  ұпайға  дейінгі  тест  сұрақтарын  табысты 
орындау  көрсеткіштеріне  сәйкес  келеді. 
Осы  деңгейде  білімгерлер  күрделі 
ситуациялар  үшін  модельдер  құрып,  онымен  жұмыс  жасай  алады,  шешудің 
тиісті стратегияларын таңдап, салыстырып және бағалай алады, жақсы дамыған 
ойлауды қолданып, өз ойын дәйектей алады. 
Зерттеуге  қатысушы  34  елдің  білімгерлерінің  10%  кемі  осы  деңгейдегі 
математикалық  сауаттылықты  көрсетті.  5  деңгей  тапсырмаларын  орындай 
алған  білімгерлердің  үлесі  Қазақстаннан,  Албания,  Тунис,  Бразилия  және 
Аргентинадан 1% құрады. 
«Фудзи  тауына  шығу»  тапсырмасының  3  сұрағы  математикалық 
тапсырмалар күрделілігінің 5 деңгейіне жатады (2.1.4 сурет). 
2.1.4 Сурет. 
Фудзи тауына шығу 
 
 
 
Фудзи  тауы - Жапониядағы танымал сөнген жанартау 
 
 

 
35 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
3  сұрақ:
  Марат  Готемба  соқпағымен  жүру  барысындағы  қадамдарды  өлшеу 
үшін  педометр  қолданды.  Оның  педометрі,  оның  жоғарыға  шығатын  жолмен 
22500  қадам  өткенін  көрсетті.  Марат  Готемба  соқпағымен  9  км  жоғары 
көтеріліп бара жатқан кездегі оның қадамының орташа ұзындығын есептеңдер. 
Жауапты сантиметрмен жазыңдар. 
Жауап: ................................................. см. 
Сипаттау:  Ұзындықты  белгілі  бір  санға  бөліп,  сантиметрмен  коэфициенттік 
қатынасты беру қажет. 
Математикалық сала: Сан. 
Мәнмәтін: Әлеуметтік. 
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану. 
Сұрақ форматы: Құрылымдық.  
Күрделілік: 610 (5 деңгей). 
Толық жауап: 
40 см. 
Жауап қабылданбайды: 
Сантиметрмен дұрыс берілмеген
 4 цифрлы жауаптар.
 
0,4  (жауап  метрмен  берілген),  4000  (см-ге  дұрыс  аударылмаған),    басқа 
жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
Мұнда формула қолданылады: жүріп өткен қашықтық = қадамдар 
саны  *  қадамның  орташа  ұзындығы.  Осы  формуланы  есептеуге  қолдану  үшін, 
қадамның орташа ұзындығын қашықтық пен қадам санынан таба отырып, оны 
түрлендіру қажет. 
 
Осы сұрақты Қазақстандық 
білімгерлердің
 
25% 
табысты орындаған. 
Математикалық  тапсырмалардың  күрделілігінің  төртінші  деңгейіндегі
 
білімгерлер  545  ұпайдан  кем  жинамауы  тиіс.  Осы  деңгейдің  тапсырмалары 
тестке  қатысушылардың  берілген  математикалық  ситуациялардағы  түсіндіру 
мен  пайымдауға  негізделген  түсініктеме  мен  дәйектерді  қорытындылауын 
талап етеді. 
Орташа алғанда, ЭЫДҰ елдері бойынша білімгерлердің  30,8% 4,5, немесе 
6 деңгейде.  4,5, және 6 деңгейдегі білімгерлердің үлкен үлесі бар ЭЫДҰ елдері   
Корея  (54,8%),  Жапония  (47,4%),  Швейцария  (45,3%),  Нидерланд  (43,1%), 
Бельгия (40,2%) және басқа ЭЫДҰ 12 елі болып табылады. 

 
36 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
Шанхайда  оқитын    төрт  білімгердің  үшеуі  (75,6%)  және  Сингапурде, 
Гонконгта және Тайпейде екі білімгердің бірінен көбі осы деңгейлердің бірінде.  
 «Айналмалы  есік»  тапсырмасынынң  3  сұрағы  күрделіліктің  5  деңгейіне 
жатады (2.1.5 сурет).  
2.1.5 Сурет. 
Айналмалы есік 
Кіріс
Шығыс
Қалқалар
 
Кіріс шығыс қалқалар  
Айналмалы  есік  дөңгелек  кеңістік  ішінде  айналатын  үш  ішкі  есіктен  тұрады.  Ішкі 
диаметр 2 метрден тұрады (200 сантиметр). Есіктің үш қалқасы кеңістікті үш бірдей бөлімге 
бөледі. Төмендегі жоғары жағынан қарағандағы түрмен берілген жоспар есіктің қалқаларын 
үш түрлі қырынан көрсетеді. 
 
3  сұрақ
:  Есік  минутына    толық  4  айналым  жасайды.  Есіктің  әрбір  үш  бөліміне                
2 адамнан сияды. 30 минут ішінде есіктен ғимаратқа кіре алатын ең көп адам 
саны қанша? 
A 60 
B 180 
C 240 
D 720 
Сиптаттау:  Ақпаратты  анықтау  және  есепті  шығару  үшін  сандық  модель 
құрастыру. 
Математикалық сала: Сан. 
Мәнмәтін: Ғылыми. 
Оқу-танымдық әрекет түрі: Пайымдау. 
Сұрақ форматы: Қарапайым сұрақты таңдау. 
Күрделілік: 561.3 (4 деңгей). 
 

 
37 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
Толық жауап: 
D  720. 
Жауап қабылданбайды: 
басқа жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
«Айналмалы  есік»  тапсырмасының  3  сұрағы  «үлес»  және 
«қатынас»  ұғымдарын  білуді  талап  етеді.  Есік  бір  минутта  4  рет  айналады, 
соның нәтижесінде 4*3=12 кіріс бөлімдері ғимаратқа 12*2=24 адамның кіруіне 
мүмкіндік туғызады. 30 минут ішінде 12*30=720 адам кіре алады. Яғни, дұрыс 
жауап  D  нұсқасы  болып  табылады.  Көптеген  шынайы  мәнмәтіндер  тікелей 
қатынаста  байланысқан,  үлес  көбіне  пайымдау  тізбегінде  қолданылады. 
Білімгер  есіктердің  айналғанын  көз  алдына  елестетіп,  шын  жағдайды  көз 
алдына  келтіруі  тиіс.  Сұрақ  шынайы  өмірдегі  заттардың  айғақтық  себептерін 
түсіндіретін элементтерді қамтитын ғылыми мәнмәтінде берілген. 
Берілген  сұрақ  PISA-2012  Қазақстандық  қатысушылардың  тестік 
буклетінде берілмеген. 
3  деңгей  482  ұпайдан  545  ұпайға  дейінгі  тест  сұрақтарын  табысты 
орындау көрсеткіштеріне сәйкес келеді. 
3  деңгейде  білімгерлер  сипатталған  рәсімдерді  нақты  орындай  алады, 
соның  ішінде  бірізді  шешімді  қажет  ететіндері  де  бар.  Осы  деңгейдің 
математикалық тапсырмалары есептерді шешудің қарапайым модельдері мен 
стратегияларын қамтиды. Олар пайызбен, бөлшекпен, ондық сандармен және 
үйлесімді  қатынастармен  жұмыс  жасай  алады.  Олардың  шешімдері  негізінен 
олардың түсіндіруі мен пайымдауында көрінеді. 
ЭЫДҰ  елдерінде  білімгерлердің  54,5%  дерлік  3  деңгейде,  немесе  одан 
жоғары  деңгейде.  Тестілеуге  қатысушылар  үлесінің  ең  көп  көрсеткіштерін 
Шанхай  (88,7%),  Сингапур  (79,5%)  және  Гонконг  (79,5%)  көрсетті.  Перу, 
Колумбия  және  Индонезия  секілді  елдерде  білімгерлердің  10%  кемі  осы 
деңгейде.  
«Айналмалы  есік»  тапсырмасының  1  сұрағының  мысалы  күрделіліктің                 
3 деңгейіне сәйкес келеді (2.1.5 сурет). 
 
 
 

 
38 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
1 сұрақ:
 Екі қалқа арасындағы градуспен берілген бұрыштың көлемі қандай? 
Бұрыштың көлемі: ................  º. 
Сипаттау: Дөңгелек бөлімінің орталық бұрышын есептеу. 
Математикалық сала: Кеңістік пен пішін. 
Мәнмәтін: Ғылыми.  
Оқу-танымдық әрекет түрі: Қолдану. 
Сұрақ форматы: Құрылымдық. 
Күрделілік: 512,3 (3 деңгей). 
Толық жауап: 
120 º. 
Жауап қабылданбайды: 
Басқа жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
Есіктің  екі  қалқасы  арасындағы
 
120  градустық  бұрышты  табу 
туралы бұл сұрақ өте қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бұл орайда есепті шешу 
үшін логикалық геометрия білімінің болуы қажет. Үш өлшемді айналмалы есік 
мәнмәтіні жазбаша сипаттамадан ұғынылуы тиіс. Білімгерлер айналмалы есікті 
көз алдына елестетуі қажет.  
Берілген  сұрақ  PISA-2012  Қазақстандық  қатысушылардың  тесттік  буклетінде 
берілмеген. 
 
Базалық математикалық білімнің 2 деңгейі - 420-482 ұпай. 
Осы деңгейдегі 
тапсырмалар  бір  дереккөзден  қажетті  ақпарат  алу  арқылы  ситуацияны 
түсіндіру мен тануды талап етеді. Осы деңгейдегі білімгерлер мәселені шешуді 
толық  сандармен  байланыстыру  үшін  негізгі  алгоритмдерді,  формулаларды, 
рәсімдерді қолдана алады. Олар нәтиженің дәлме-дәл ұғымын жасай алады. 
PISA-2012  төрт  алдыңғы  қатарда  тұрған    елдердегі  білімгерлердің                   
90%  астамы  (Шанхай,  Гонконг,  Сингапур  және  Корея)  осы  эталонға  сәйкес 
келеді. ЭЫДҰ елдерінде орташа есеппен білімгерлердің 77,0% осы деңгейге қол 
жеткізген.  Колумбия,  Перу  және  Индонезия  елдеріндегі  шамамен  төрт 
білімгердің біреуі осы деңгейге қол жеткізеді. 
«Велосипедші 
Айжан» 
тапсырмасының 

сұрағының 
мысалы 
математикалық  тапсырмалардың  екінші  деңгейіне  сәйкес  келеді  (2.1.3  суретті 
қараныз). 
 
 

 
39 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
1 сұрақ: 
Өз жолында Айжан алғашқы 10 минутта 4 км жүрді, ал содан соң 
қалған 5 минутта 2 км жүрді. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс? 
А.  Айжанның  орташа  жылдамдығы  алғашқы  10  минутта,  кейінгі  5  минутқа 
қарағанда артық болды. 
B.  Айжанның  орташа  жылдамдығы  алғашқы  10  минутта  да,    кейінгі                           
5 минутта да бірдей болды. 
C.  Айжанның  орташа  жылдамдығы  алғашқы  10  минутта,  кейінгі  5  минутқа 
қарағанда кем болды. 
D.  Осы  ақпараттан  Айжанның  орташа  жылдамдығы  туралы  ешнәрсе  айту 
мүмкін емес. 
 
Сипаттау: 
Орташа 
жылдамдықты, 
өткен 
қашықтық 
пен 
уақытты 
салыстырыңдар. 
Математикалық сала: Өзгерістер мен қатынастар. 
Мәнмәтін: Жеке  бастық. 
Оқу-танымдық әрекет түрі:  Қолдану. 
Сұрақ форматы: Қарапайым жауап таңдау. 
Күрделілік: 440.5 (2 деңгей). 
Толық  жауап: 
В  -  Айжанның  орташа  жылдамдығы  алғашқы  10  минутта  да,  
кейінгі 5 минутта да бірдей болды. 
Жауап қабылданбайды: 
Басқа жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
Қарапайым таңдау тапсырмасы
 
4 км-ге 10 минут, 2 км-ге 5 минут 
жүру барысындағы жылдамдықты салыстыруды талап етеді.  
Құрылымдық.  Мұнда  қашықтықты  басты  фактор  болып  табылатын 
коэффициент, үйлесімдік  ретінде нақты  математиканы  түсіну  қажет.  Бұл  сұрақ 
қарапайым  үйлестіру  арқылы  шешілуі  мүмкін  (2  км  -  4  км,  5  км  -  10  км).  Осы 
сұрақ  барысында  білімгерлер  жылдамдық  пен  үйлесімдік  туралы  жалпы 
түсінігін көрсетеді. 
Математикалық  білімді  қолданудың  екінші  базалық  деңгейінің  осы 
сұрағына  зерттеудің  15-жастағы  қазақстандық  қатысушыларының  52%  дұрыс 
жауап берген. 
1  деңгейде
  - 
358  -  420  ұпай
  білімгерлер  белгілі  деректерді  қолданып, 
сұрақтарға жауап бере алады. Олар ақпаратты анықтап, тапсырмадағы тікелей 
нұсқауларға сәйкес бірізді рәсімдерді орындай алады. 
«Гараж»  тапсырмасының  1  сұрағы  математикалық  күрделіліктің                            
1 деңгейіне жатады (2.1.6 сурет). 

 
40 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
 
2.1.6 Сурет. Гараж 
 
Гараж  шығарушының  «негізгі»  топтамасы  тек  бір  терезе  мен  бір  есіктен  тұратын 
модельдерді қамтиды. 
Марат  «негізгі»  топтамадан  келесі  модельді  таңдап  алады.  Есік  пен  терезенің 
орналасуы төменде көрсетілген. 
 
1  сұрақ: 
Төмендегі  суреттер  түрлі  «негізгі»  модельдерді  артқы  жағынан 
көрсетеді.
 
Осы  суреттердің  тек  біреуі  ғана  Марат  таңдаған  модельге  сәйкес 
келеді.  Марат  қандай  модельді  таңдап  алды?  A,  B,  C  немесе  D  біреуін 
қоршаңдар.  


 
 


 
 
 
 

 
41 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
Сипаттау:  3Д  форматындағы  бейнелеуді  анықтау  үшін  кеңістік  қабілетін 
қолдану. 
Математикалық сала: Кеңістік пен пішін. 
Мәнмәтін: Кәсіби. 
Оқу-танымдық әрекет түрі:Түсіндіру. 
Сұрақ форматы: Қарапайым жауап таңдау. 
Күрделілік: 419,6 (1 деңгей). 
Толық жауап: 
С (С суреті). 
Жауап қабылданбайды: 
Басқа жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
Осы  тапсырма  білімгерлерден  алдыңғы  түрі  берілген  ғимарат  суретін  артқы 
жағынан  анықтауды  талап  етеді.  Осындай  оймен  айналдыру  тапсырмаларын 
білімгерлер  түйсіктік  -  кеңістік  визуализациясы  мен  пайымдаудың  белгілі  бір 
үдерістерін  қолданудың  көмегімен  шешеді.  Олар  құрауыштардың  тиісті 
орналасуын  (есіктер,  терезелер,  жақын  орналасқан  бұрыш)  талдай  алады. 
Басқалар  жалпы  түсінікті  анықтай  алады,  ал  содан  соң  айналдыруды 
тәжірибеде зерттей алады. 
В  -  Айжанның  орташа  жылдамдығы  алғашқы  10  минутта  да,  кейінгі  5  минутта 
да бірдей болды. 
 
Математикалық  білімді  қолданудың  бірінші  деңгейінің  осы  сұрағына 
зерттеудің  15-жастағы  қазақстандық  қатысушыларының  65%  дұрыс  жауап 
берген. 
1  деңгейден  төмен  ұпай  жинаған  білімгерлер 
өте  қарапайым  және 
түсінікті  математикалық  тапсырмаларды  орындай  алады.  Мысалы,  жақсы 
белгіленген диаграммадан, немесе суреттен қарапайым мәнді оқу. 
Диаграммалардағы  ақпарат  сұрақтардағы  сөздерге  сәйкес  келеді, 
сондықтан  да  нышандарды  таңдау  түсінікті  және  көзге  көрінерліктей.                        
Бұл  орайда,  тестке  қатысушы  түсінікті  және  нақты  анықталған  нұсқаулар 
арқылы толық сандармен арифметикалық есептеулерді шығара алады. 
«Музыкалық  дискілерді  сату»  тапсырмасының  1  сұрағының  мысалы 
күрделіліктің 1 деңгейінен төменге  сәйкес келеді (2.1.7 сурет). 
 
 

 
42 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
2.1.7 сурет. 
Музыкалық дискілерді сату 
 
«Рокерлер»
«Кенгуру»
«Түнгі құстар»
«Металлистер»
Бір айдағы компакт
-
дискілердің сатылымы
Б
ір
 а
й
д
а 
са
ты
л
ға
н
 к
о
м
п
ак
т
-
д
и
ск
іл
ер
д
ің
 с
ан
ы
Қантар
Ақпан Наурыз
Мамыр
Сәуір
Маусым
Айлар
0
250
2250
500
750
1000
1250
1500
1750
2000
 
Қаңтарда  «Рокерлер»  және  «Кенгуру»  музыкалық  топтарының  жаңа  компакт-
дискілері  шығарылды.  Ақпанда  музыкалық  топтар  «Түнгі  құстар»  және  «Металлистер» 
музыкалық  топтарының  компакт-дискілері  шығарылды.  Келесі  диаграммада  осы  компакт-
дискілердің қаңтардан шілдеге дейінгі сатылуы көрсетілген. 
1  сұрақ
:  «Металлистер»  музыкалық  тобы  сәуірде  қанша  компакт-дискілерін 
сатты? 
А 250 
В 500 
С 1000 
D 1270 
Сипаттау: Гистограмманы оқу. 
Математикалық сала: Белгісіздік. 
Мәнмәтін: Әлеуметтік. 
Оқу-танымдық әрекет түрі:Түсіндіру. 
Сұрақ форматы: Қарапайым жауап таңдау. 
Күрделілік: 347.7 (1 деңгейден төмен). 
Толық жауап: 
В  500. 
Жауап қабылданбайды: 
Басқа жауаптар, жауап жоқ. 
Түсініктеме
Осы  сұрақ  PISA-2012  тапсырмалары  тобындағы  ең  қарапайым 
тапсырмалардың  бірі  болып  табылады.  Тапсырмада  В  дұрыс  жауабын  табу 
үшін,  гистограмма  бойынша  сәуірде  сатылған  компакт-дискілердің  санын  табу 
талап етіледі. 

 
43 
 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
ЭЫДҰ  елдерінде  орташа  есеппен  білімгерлердің  23%  1  деңгейде,  немесе 
одан төмен. Кореяда 10% кем және Эстониядағы, Жапониядағы, Финляндиядағы, 
Швейцариядағы,  Канададағы  және  Польшадағы  15%  кем  білімгерлер 
математикалық тапсырмаларды орындаудың 1 деңгейін көрсетеді. 
Осылайша, 
зерттеуге 
қатысушы 
елдер 
аралығындағы 
15-жастағы 
білімгерлердің  математикалық  сауаттылық  бағытындағы  күрделілік  деңгейі 
бойынша тест сұрақтарын орындау нәтижелілігі 2.1.6 кестеде берілген. 
2.1.6  Кесте.  Қатысушы  елдердің  нәтижелері/математикалық  сауаттылық 
деңгейлері  
Елдер  
PISA-2012 қатысушылары  

деңгейден 
төмен 

деңгей 

деңгей
 

деңгей
 

деңгей
 

деңгей
 

деңгей
 







Бельгия 
7,0 
12,0 
18,4 
22,4 
20,6 
13,4 
6,1 
Чили 
22,0 
29,5 
25,3 
15,4 
6,2 
1,5 
0,1 
Финляндия 
3,3 
8,9 
20,5 
28,8 
23,2 
11,7 
3,5 
Италия 
8,5 
16,1 
24,1 
24,6 
16,7 
7,8 
2,2 
Жапония 
3,2 
7,9 
16,9 
24,7 
23,7 
16,0 
7,6 
Корея 
2,7 
6,4 
14,7 
21,4 
23,9 
18,8 
12,1 
Мексика 
22,8 
31,9 
27,8 
13,1 
3,7 
0,6 
0,0 
Нидерланд 
3,8 
11,0 
17,9 
24,2 
23,8 
14,9 
4,4 
Польша 
3,3 
11,1 
22,1 
25,5 
21,3 
11,7 
5,0 
Швейцария 
3,6 
8,9 
17,8 
24,5 
23,9 
14,6 
6,8 
Ұлыбритания 
7,8 
14,0 
23,2 
24,8 
18,4 
9,0 
2,9 
Аргентина 
34,9 
31,6 
22,2 
9,2 
1,8 
0,3 
0,0 
Бразилия 
35,2 
31,9 
20,4 
8,9 
2,9 
0,7 
0,0 
Гонконг-Қытай 
2,6 
5,9 
12,0 
19,7 
26,1 
21,4 
12,3 
Индонезия 
42,3 
33,4 
16,8 
5,7 
1,5 
0,3 
0,0 
Казахстан 
14,5 
30,7 
31,5 
16,9 
5,4 
0,9 
0,1 
Макао-Қытай 
3,2 
7,6 
16,4 
24,0 
24,4 
16,8 
7,6 
Ресей 
Федерациясы 
7,5 
16,5 
26,6 
26,0 
15,7 
6,3 
1,5 
Шанхай-Қытай 
0,8 
2,9 
7,5 
13,1 
20,2 
24,6 
30,8 
Сингапур 
2,2 
6,1 
12,2 
17,5 
22,0 
21,0 
19,0 
Қытай Тайпейі 
4,5 
8,3 
13,1 
17,1 
19,7 
19,2 
18,0 
Тайланд 
19,1 
30,6 
27,3 
14,5 
5,8 
2,0 
0,5 
БАӘ 
20,5 
25,8 
24,9 
16,9 
8,5 
2,9 
0,5 
Дереккөз: ЭЫДҰ халықаралық есебі « PISA-2012 нәтижелері» 
Математикалық  жетістіктердегі  гендерлік  айырмашылық. 
ЭЫДҰ  елдері 
бойынша  орташа  есеппен,  математикадан  ұлдар  қыздардан  11  ұпай  артық 

 
44 
PISA 2012 
халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
 
 
PISA - 2012 
жинаған.  Ұлдардың  қыздарға  қарағанда  математикалық  білім  деңгейі  жоғары 
деген  стереотипке  қарамастан,  ұлдар  PISA-2012-ге  қатысқан  65  елдің  37-де  ғана 
статистикалық тұрғыдан айтарлықтай басымдық танытты (Қосымша, 2.1.2 сурет). 
Тек  бес  елде  ғана  орташа  есеппен,  математикадан  қыздар  ұлдардың 
алдында.  Ең  көп  айырмашылық,  қыздардың  бағасы  ұлдарға  қарағанда  21  ұпай 
артық  Жорданияда  байқалады.  Қыздар  сондай  ақ,  Катарда,  Тайландта, 
Малайзияда  және  Исландияда  ұлдардың  алдында.  Осы  елдердің  барлығында 
қыздарға қарағанда ұлдардың көбінің бағасы 1 деңгейден төмен.  
Айырмашылық әсіресе, шамамен 30% қыздармен салыстырғанда, ұлдардың 
43%  жуығы  1  деңгейден  төмен  Жорданияда  айтарлықтай  үлкен.  Исландияда 
ұлдар  мен  қыздар  білімнің  барлық  деңгейінде  жақсы  берілгенімен,  қыздарға 
қарағанда көбірек ұлдар 1 деңгейден төмендегі орында  болып отыр (2.1.8 сурет).
 
2.1.8. сурет. Деңгейлер бойынша гендерлік бөлу 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет